Әлемдегі халқы ең көп 5 қала

2021 жылға қарай Жер шарындағы адам саны 7,9 миллиардтан асты. Әлем халқының көпшілігі, әрине, жақсы жұмыс табу мүмкіндігі бар қалалар мен елді мекендерде тұруды қалайды және әрқашан баруға болатын ойын-сауық орындары мен қызықты өмірді қалайды. Қазіргі уақытта әлемде 5 миллионнан астам халқы бар 80-нен астам қала бар. Бұл көрсеткіш қазір қалыпты саналады. Себебі, әлемде 20 миллионнан халқы бар ірі мегаполистер де бар.

Қызық дерек: Қазіргі уақытта планетадан тыс 7 адам бар. Олар шамамен 430 шақырым биіктікте орналасқан және 7,66 км/с жылдамдықпен қозғалатын Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелері.


© rossaprimavera

1. Токио (Жапония): 38 млн

Кейбіреулер Жапония астанасын әлемдегі ең қарбалас қала емес деп айтуы мүмкін. Өйткені Google бұл жерде небәрі 14 миллион адам тұрады дейді. Алайда Жапонияның ең дамыған бөлігі Үлкен Токиода 38 миллионнан астам халық тұрады, өйткені ол Токиодан басқа Тиба, Канагава және Сайтама әкімшілік бөлімдерін қамтиды. Жоғары технологиялық және бұрынғы сәулет дәстүрлерін біріктіретін қала 1603 жылы құрылған және елдің басты мәдени, қаржылық және саяси орталығы болып табылады.

Токиода тау шыңдарын бағындыру арқылы өзіңізді қуанта алмайсыз және ыстық жағажайлар жоқ. Халқы тығыздығы жағынан оның қасында Алматы "шөлге" ұқсайды. Бұл қала өзінің бай тарихымен, жарқын көшелерімен және жоғары технологияларымен адамдарды тартады. Сондай-ақ, Токио өте қауіпсіз қала, түнде бір топ мас жігіттерді кездестірсеңіз де, олар сізден кешірім сұрап, жолын жалғастырады.


© ru-travel.livejournal

 2. Дели (Үндістан): 28 млн

Дели – Үндістандағы ең көне қалалардың бірі. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 500 жылдан басталады және қазір Үндістандағы сегіз қаладан тұратын әртүрлі дәуірлердің ескерткіштері орналасқан. Өкінішке қарай, көптеген ірі қалалар сияқты Дели де қоршаған ортаның ластануынан зардап шегеді. Ең бастысы, ауаны автокөліктер ластайды, сондықтан Үндістан үкіметі болашақта адамдарды электрлі көлікке көшіруді жоспарлап отыр. Толық өмір сүруге қажетті инфрақұрылымы жоқ қирандылардың тұрғындары да қоршаған ортаны қатты улайды. Тұрғындар көбінесе қалдықтарды, соның ішінде пластмасса және басқа да зиянды заттарды жағады.

Делиде көптеген көрікті жерлер бар. Бұған мысал ретінде 12 гектар аумақты алып жатқан Акшардхам кешенін келтіруге болады. Негізгі құрылым әртүрлі үнділік стильдерді біріктіреді және әдемі бақтармен қоршалған. Жергілікті көл суы елдің әр өңірінен әкелінеді. Үлкен көлеміне байланысты Акшардхам ғибадатхана кешені Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.


© zen.yandex.ru

3. Шанхай, Қытай: 23,4 млн

Ол Янцзы өзенінің бір саласы болып табылатын Хуанпу өзенінің жағасында орналасқан. Қытай теңізі мен терең өзенге жақындығы ХV ғасырда теңіз портын құруға мүмкіндік берді. Алайда көпке дейін сұранысқа ие болмады. Оның дамуы өткен ғасырда, өзеннің жоғарғы бөлігінде аллювиалды құмдардың әсерінен кеме қатынасы қиындаған кезде басталды.

Шанхай ұзақ уақыт бойы контрабандамен, есірткі саудасымен және қылмыстың жоғары деңгейімен байланысты танылды. Бірақ бірте-бірте оның келбеті өзгерді. Бүгінде ол Азиядағы екінші, дүние жүзіндегі төртінші қаржы орталығы. Қалада көптеген мұражайлар, галереялар, көрмелер бар. Олар Қытай мен Шығыс өнеріне арналған. Архитектура да әртүрлілігімен таң қалдырады. Зәулім ғимараттардың жанынан будда және христиан храмдарын, мешіттер мен синагогаларды көруге болады. Ал қала орталығындағы Едем бағында күйбең тірлікті ұмытып, демалуға болады.


© vse24

4. Сан-Паулу (Бразилия): 22 миллион адам

Аумағы 152 шақырым және халқы 22 млн адам, Сан-Паулу оңтүстік жарты шардағы халқы ең көп қала болып табылады. Алып қаланың келбеті әртүрлі тарихи кезеңдердің стильдерін бейнелейді. Сонымен қатар, қала технологиялық жағынан жақсы дамыған және кейде ғылыми-фантастикалық фильмдердегі болашақ қалаға ұқсайды. Сонымен қатар, Оңтүстік Америкадағы ең ірі өнеркәсіп орталығы және елдегі ең үлкен әуежай бар ел ретінде танымал.

Туристер мен осы алып қалаға көшуге бел буған адамдар оны өте мейірімді,  әдемі орманмен қоршалған жарық, шулы және дәмді хош иісті жер деп сипаттайды.


© Фото : Антон Петрусь

5. Ыстамбул, Түркия: 15 млн

Қала Еуропа мен Азияны бөліп тұрған Босфор бұғазының жағасында орналасқан. 659 жылы Византия ретінде құрылған. Ол бес ғасырға жуық Қара теңізден Эгейге дейінгі сауда жолдарын басқарды. Қала бір емес бірнеше рет жаулардың шабуылын тойтарған. Кезінде әлемдег қорғанысы ең мықты қуатты қала саналды. Сондықтан оны ғасырлар бойы ешқандай ел жаулап ала алмады.

Алайда, дәуірдің тоғысында оны римдік сарбаздар басып алды. Кезінде Рим империясының астанасы болған. Содан кейін ол Константинополь деген жаңа атау алды. ХІ ғасырдың басына дейін Византия империясының астанасы болды. Кейіннен қаланы крест жорығы әскері тонап кетті. 1453 жылдан Осман империясының астанасына айналды.

1930 жылы Ыстамбұл деп өзгертілді. Елорда Анкараға көшірілгенімен, ол әлі де Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік, мәдени және туристік қала болып қала береді. Саяхатшыларды сәнді Топқапы сарайы, жер асты цистерналары мен акведуктары, мешіттің қайталанбас әсем дизайны, террассаларынан әдемі теңіз көрінісі бар көптеген саябақтар қызықтырады.

Айта кету керек, бұл қалалардың жолдарында көлік қозғалысы өте көп. Дегенмен,  болашақта бәрі де өзгеруі мүмкін, өйткені ғалымдар көлік қозғалысы көп қалалардағы өмір жақын арада тығырыққа тіреледі және бұл мәселені шешудің жолын іздеу керек деп алаңдайды.