Жыландардың Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3631 түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Бұл бауырмен жорғалаушылардың ішіндегі ең қауіпті 10 жыланды ұсынамыз.
Жылан шаққанда не істеу керек?
Әлемдегі ең қорқынышты аралдарды білесіз бе?
10. Африкалық бумсленг (Dispholidus typus)
Өте улы жылан. Dispholidus тұқымдасының жалғыз түрі. Атауы Африкадан шыққан. Бумсланг сөзбе-сөз аударғанда "ағаш жылан" дегенді білдіреді.
Ұзындығы 2 метрге жетеді.
Ол өте агрессивті жыландарға жатады, сондықтан бумслангқа жақындау және кенеттен қозғалуға болмайды. Ол ойланбастан шабуыл жасайды.
9. Қара мамба (Dendroaspis)
Қара мамба кез келген уақытта шабуыл жасайды. Атауы айтып тұрғандай ол Африканы мекендейді. Жыланның ұзындығы 2-4 метрге жетеді. Жылдамдығы — сағатына 25 километр. Жылдам қозғалғандықтан адамға қауіпті. Уы жарты сағатта өлтіреді.
8. Шұбар жылан (Crotalinae)
Шұбар жыландарының күшті және тез әсер ететін уы бар. Ол бірінші шабуыл жасамайды, бірақ қауіпті сезінгенде, ол құйрығын шырылдата бастайды, сондықтан аты осыған орай қойылған.
7. Кәдімгі сұр жылан (Vірега bегus)
Түсі сұр, қаражолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді.
Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар ауру адамдар, балалар өліп кетеді. Денсаулығы жақсы адамдар үшін аса қауіпті болмағанмен көп азап шегеді.
6. Эфа
Эфа жыландары Үндістан, Пәкістан және Африка елдерінде бар. Олардың ұзындығы басқа жыландардан қысқа. Бірақ олардың уы адамға қатты әсер етеді. Егер тез арада алдын алмаса, екі аптадан о дүниеге аттандырады.
Эфаның ұзындығы бір метрден аспайды, бірақ бұл оның адамдарға шабуыл жасауына кедергі келтірмейді.
5. Кобра патшасы ( Ophiophagus hannah)
Оның ұзындығы 5,5 метрдей. Үндістанның джунглиінде, Бирма, Үндіқытайда, сондай-ақ, Малай топаралында кездеседі. Ең үлкен улы жылан. Уы адам үшін өте қауіпті. Бірнеше адамды өлтіруі мүмкін. Ғалымдар эксперименттер жүргізген кезде, бұл жыланның уы лезде 23 адамды және салмағы бір тоннадан асатын пілді өлтіретінін анықтаған.
4. Пама
Пама (Bungarus fasciatus) – аспидтер (Elapidae) тұқымдасына жататын улы жылан. Үндістанның тропиктік ормандарында, Қытайдың оңтүстігінде, Бирма мен Таиландта кездеседі. Орташа ұзындығы 180 см, бірақ кейде жыландар 250 см-ге дейін өседі. Түнде белсенді. Жыландардың рационына қосмекенділер, құстар, ұсақ сүтқоректілер, кесірткелер және басқа да жыландар кіреді және тіршілік ету ортасына қарай өзгереді. Жылан әдетте адамға тиіспейді. Бірақ балаларына тиіссеңіз бір уақытта бірнеше адамды өлтіретін күшке ие.
3. Филиппин кобрасы
Филиппин кобрасы адамды 3 метр қашықтықтан өлтіруі мүмкін. Оның бір шағуы бірден бірнеше адамды өлтіреді. Аты айтып тұрғандай бұл жыландар Лузон, Миндоро, Катадаунес және Масбате секілді солтүстік Филиппин аралдарында кезедседі.
2. Шұбар жылан (Notechis scutatus)
Бұл жылан сіз ойлағаннан да қауіпті. Шұбар жыланының уы жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Шұбар жылан әдетте аяқтан немесе қолдан шағады. Адам бірден сал болып қалады. Уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе 40-60 пайыз жағдайда адам қайтыс болады. Бірақ, өте қорқақ, адамдарға жақындамайды, үйге кіріп кетпейді.
1. Тайпан Маккоя (Oxyuranus microlepidotus)
Агрессивті мінез-құлқына, ұзындығына және жылдамдығына байланысты тайпан әлемдегі барлық улы жыландардың ең қауіптісі саналады. Ұзындығы 2 метрге жетеді, ал жалпы тайпандардың ұзындығы 3 метрден асады. Мысалы, оның уы кобра уынан 180 есе күшті. 1955 жылы оның уына қарсы антидот ойлап табылғанға дейін бұл жылан шаққан 90 пайыз жағдайда адам өлген.