- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлемдегі ең ерекше...
Әлемдегі ең ерекше 9 ұлт
Кейде олардың өмірі ғылыми-фантастикалық романдардың үзінділерінен алынғандай көрінеді. Африкада ерлер арасында сұлулық байқауын өткізетін тайпа бар. Қатысушылар ашық түсті әдемі киініп, қыздардан құралған қазылар алқасы олардың арасынан үздігін таңдайды. Әлемдегі ең бақытты адамдар Кавказдағы таулы ауылда тұрады.
Осы сияқты әлемдегі халықтар мен тайпалардың ерекшелігін AdMe.ru жазды.
© talkafricana.com
Водаабеде
Бұл халық Орталық Африкада тұрады және өзін әлемдегі ең тартымды ұлт деп санайды. Сондай-ақ, мұнда ер адамдар үшін ең алдымен сыртқы сұлулық өте маңызды. Водаабеде "Геревол" деп аталатын фестиваль бар, онда ашық, түрлі-түсті киім киген жас жігіттер өздерінің сыртқы сұлулығын көрсету және тайпа әйелдеріне жақсы әсер қалдыру үшін би билейді.
Сонымен қатар, Водаабеде сабырлық пен кішіпейілділікті бағалайды. Мысалы, күндіз ерлі-зайыптылар адамдардың көзінше бір-бірінің қолын ұстамақ түгілі, сөйлеспейді.
© quora.com
Айндар
Айндар жапон аралдарының бастапқы тұрғындары. Қазір оларды жапондардан ажырату қиын, бірақ 100 жыл бұрын олар Күншығыс елінің тұрғындарының көпшілігіне мүлдем ұқсамайтын. Айндар кавказдықтарға ұқсас бет әлпеттерімен, қалың шаштарымен және сақалды ерлердің көптігімен ерекшеленді. Алғашқы ресейлік зерттеушілер бұл этникалық топ өкілдерін қара орыс шаруаларына немесе тіпті сығандарға ұқсас деп сипаттады.
© therussiantimes.com
Маори
Маори мәдениеті әлемдегі ең жас мәдениеттердің бірі. Бұл халықтың алғашқы өкілдері Жаңа Зеландияға тек XIV ғасырда келген. Оның үстіне ғалымдар олардың нақты қайдан шыққаны туралы сұраққа әлі нақты жауап бере алмайды. "Маори" сөзінің өзі этникалық топ тілінде "қалыпты" немесе "қарапайым" дегенді білдіреді. Бұл адамдардың сыртқы түрі басқалардан ерекше. Себебі, маорилердің беті түрлі суретпен өрнектеледі.
Денеге өрнек салу өнерін Жаңа Зеландияның байырғы тұрғындары "та-моко" деп атайды. Олар қазіргі татуировкадай теріні теспейді керісінше, кеседі. Татуировкалар маори төлқұжатының бір түрі. Олар осы арқылы адамның әлеуметтік мәртебесі туралы ақпаратты алып жүреді. Адамдарда татуировкалардың жоқтығы маорилердің көзіне біртүрлі көрінеді.
© Heironymous Rowe / CC BY-SA 3.0 / Wikimedia Commons
Каджундар
Каджундар – XVІІІ ғасырдың ортасында Луизиананың оңтүстігіне жетуге қиын сулы-батпақты жерге қоныстанған канадалық французадрдың ұрпақтары және әлі де сонда тұрады. Олар жақын жерде тұратын басқа халықтардың өкілдерімен некеге тұрып нәтижесінде каджундар пайда болған.
Ең танымал Каджун дәстүрлерінің бірі - "Марди Гра" фестивалін өткізу. Бұл үлкен карнавал шеруі, оның барысында жоғары конус тәрізді қалпақ киген қатысушылар Луизиананың дәстүрлі тағамы – "гамбо" сорпасын дайындауға арналған ингредиенттерді жинауы керек. Мереке түн ортасына дейін аяқталады.
Коровайлар
Жаңа Гвинеяда тұратын папуандықтардың бұл этникалық тобы 50 метр биіктіктегі ағаштарға үй салумен танымал. Олар әлі тас дәуіріндегідей өмір сүреді. Металды пайдаланбайды және егіншілікті білмейді. 1970-ші жылдарға дейін коровайлар көрші тайпалардан басқа ешкіммен байланыста болған жоқ, олар дүниеде бізден басқа халық жоқ деп сенді.
Бұл адамдар каннибализммен айналысқан. Антропологтардың айтуынша, өткеннің бұл қалдығы қазір жойылған. Дегенмен, халық өкілдері туристерді тарту үшін ежелгі дәстүрлер әлі де сақталған деген мифті белсенді түрде қолдайды.
Bogman / CC BY-SA 3.0 / Wikimedia Commons
Бұл жұмбақ халық Үндістанда тұрады. Кхаси матрилинейность салтын (аналық тек) сақтап қалған. Бұл салт бойынша бәрі керісінше. Мысалы, үйлену тойынан кейін күйеуі әйелінің үйіне көшіп келеді, ал мүлікті отбасының кенже қызы мұраға алады. Неке және ажырасу өзара келісіммен, өте оңай шешіледі. Ажырасқан жағдайда ер адам анасының үйіне қайтады.
© Rod Waddington / Wikimedia Commons
Мосо
Қытайда тұратын бұл халықты матриархат деп те сипаттайды. Баланың әулеттік ұрпағы ана тегі арқылы тарайды. Мосоның сөзінде "әке" және "қызғаныш" сөздері қолданылмайды. Зерттеу әйелдердің физикалық тұрғыдан ерлерге қарағанда күшті екенін көрсеткен.
Кейбір мәліметтерде Мосо еркектерінің міндеті жоқ, олар күні бойы демалады. Бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Олар мал жайып, балық аулауға барады, жер жыртады, тіпті намаз оқып, құрбандық шалу рәсімдеріне қатысады.
© Adam Jones / Wikimedia Commons
Хиналуқтар
Хиналуқтар Әзірбайжанның биік тауларында өмір сүреді. Бұл этнос өкілдері негізінен теңіз деңгейінен 2000 метрден астам биіктіктегі Хиналуқ ауылында тұрады. Олар Нұхтың кемесі топан судан кейін дәл осы жерге тоқтады деген аңызға сенеді және өздерін Нұхтың тікелей ұрпағымыз деп есептейді. Аталмыш тайпа өте оқшау өмір сүреді және тек өз тайпаларына үйленуге тырысады. Ең бастысы, өздерін әлемдегі ең бақытты адамдар санайды.
© Kborland / Wikimedia Commons
Акха
Бұл ұлттың өкілдері тибеттіктердің туыстары. Олар Қытайдың оңтүстігінде, Лаостың солтүстігінде және Таиландта, Мьянмада және Үндістанның шығысында тұрады. Тайпаның әйелдері әшекейлі киімді жақсы көреді, бас киімге ерекше назар аударылады. Әрбір иесінің өзіндік ерекшелігі бар және оның әлеуметтік жағдайын көрсетеді.
Күміспен, моншақтармен безендірілген бас киімді қыз жасөспірім кезінде алады және содан бері оны ұйықтап жатқанда да шешпейді. Бірте-бірте қыздар оған зергерлік бұйымдарды қосады, нәтижесінде бұл әшекейлі киімнің салмағы бірнеше килограммға жетеді. Қазір әйелдер бұл аксессуарды ерекше жағдайларда немесе туристердің көңіл көтеруі үшін киеді, ал олардың аналары мен әжелері оны үнемі киіп жүрген.
Т. Раушанұлы