- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлемдегі ең бай...
Әлемдегі ең бай адам ғарышқа 82 жастағы әйелмен бірге ұшады
82 жастағы Уэлли Фанк әлемдегі ең бай адам Джефф Безоспен бірге ғарышқа сапар шегеді. Безос пен егде жастағы әйел Blue Origin құрастырған New Shepard ғарыш кемесіне отырып ғарышқа ұшады.
"Уэлли Фанк ғарышкер болуды өмір бойы армандаған әйел. Ол 20 шілдеде New Shepard зымыранының құрметті қонағы ретінде ғарышқа ұшады", - делінген хабарламада.
Әйел ғарышқа Безос, оның ағасы Марк және 28 миллион долларға кемемен ұшу құқығын сатып алған есімі белгісіз ер адаммен бірге ұшады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұған да уақыт келді. Командаға қош келдіңіз, Уэлли. 20 шілдеде біздің құрметті қонағымыз ретінде ұшатыныңызға қуаныштымыз", - деп жазды Безос.
Баяндамада Фанктың ғарышкер ретіндегі мансабы 1960 жылдардан басталғаны айтылған. Ол ғарышқа уақытында жіберілуі жоспарланған әйелдерді таңдау жобасына қатысқан. Кейіннен бұл жобаның барлық қатысушысы ғарышқа ұшу үшін психикалық және физикалық сынақтардан өткен, бірақ жоба жабылып, ғарышқа ұшу олар үшін арманға айналған.
Фанк АҚШ-тың Федерал авиациялық басқармасының алғашқы әйел инспекторы және Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің авиациялық қауіпсіздік саласындағы алғашқы әйел тергеушісі болған.
Blue Origin нұсқасы бойынша, Фанк ғарышқа ұшатын тарихтағы ең қарт адам болмақ.
Жоспар бойынша New Shepard ғарыш кемесі Техастағы ғарыш айлағынан ұшып, 105 шақырым биікке көтеріледі. Оған орта есеппен 10-15 минут уақыт кетеді.
Еске салайық, былтыр Blue Origin компаниясы ғарышқа ұшуға арналған жолаушылар капсуласын алғаш рет ұсынған болатын. Бас директор Джефф Безос бортында туристері бар New Shepard зымыран тасығышы 20 шілде ұшатынын және ғарыш кемесіне билеттер сатыла бастайтынын хабарлады. Оған дейін ғарышқа баратын билет құны 28 миллион долларды құраған.
Т. Раушанұлы