АҚШ тарихындағы ең нашар президент анықталды

Америкалық тарихшылар АҚШ тарихындағы ел президенттерінің рейтингін жасады. Бұл туралы USA Today хабарлады.

C-SPAN телеканалы жүргізетін сауалнамаға тарих саласындағы 142 маман жұмыс істеген.

Зерттеуге сәйкес, АҚШ тарихындағы  ең нашар президент деп Дональд Трамп танылған. Ол 312 ұпай ғана жинап, рейтингтің барлық 44 қатысушылары арасында 41-орынға ие болды. Зерттеуге сәйкес, оның моральдық және әкімшілік сапасы әсіресе нашар бағаланған. Сонымен қатар оның алдындағы президент Барак Обама 664 ұпай жинап, тізімде 10-орын алған.

Дональд Трамп

АҚШ тарихындағы үздік президент Авраам Линкольн болған, онымен бірге Джордж Вашингтон мен Франклин Рузвельт үштікке, Джон Кеннеди мен Рональд Рейган ондыққа енді. Билл Клинтон 19 - орын, үлкен Буш 21- орын, кіші Буш 29-орын, Ричард Никсон 31-орынға ие болды.

Айта кету керек, президенттердің рейтингі 10 көшбасшылық қасиетке негізделген. Осылайша, тарихшылар мен саяси сарапшылар президенттердің  көшбасшылығын, экономикалық менеджментін, моральдық беделін, әкімшілік дағдыларын, АҚШ Конгрессімен өзара әрекеттесуін, басқа елдердің басшыларымен өзара әрекеттестігін бағалайды.