Ақырзаманның көптеген сценариінің бірі – үлкен астероидтың Жерге құлауы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі 2169-2199 жылдар аралығында ғаламшардың бір бөлігін жойып жіберуі мүмкін 492 метрлік Бенну астероиды екенін ғалымдар қазірдің өзінде біледі. Бұған жол бермеу үшін мамандар Жерді астероидтармен соқтығысудан қорғаудың әдісін әзірлеп жатыр.
©NASA
Мұны істеудің ең тиімді жолы – астероидқа ауыр ғарыш кемесін соғып, астероид бағытын өзгерту. Түнде NASA аэроғарыш агенттігі бұл әдіс жұмыс істеу тәсілдерінің бірі екенін дәлелдеді. Агенттік DART зондын Диморф астероидіне қарай ұшырып, соғуды сәтті ұйымдастырды. Соққы ғарыш нысанын бастапқы бағытынан тайдыруға көмектесуі мүмкін.
Метеорит, метеор, комета мен астероидтың бір-бірінен айырмасы
Didymus астероиды (жоғарыда) және оның серігі Диморф DART-пен соқтығысудан шамамен 2,5 минут бұрын
DART-тың Диморфты соғуы
DART ғарыш зонды 2021 жылдың қарашасында SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны арқылы ғарышқа ұшырылды. Диморф астероидіне ұшу бір жылға жуық уақытты алды. Дүйсенбіде, 2022 жылдың 26 қыркүйегінде ол діттеген жеріне жетті. DART аппаратының соққы жасауы Жерден 10,9 миллион шақырым қашықтықта болды. Салмағы 610 келі болатын NASA ғарыш кемесі сағатына 22 526 шақырым жылдамдықпен 160 метрлік астероидты соқты. Мұның барлығы тікелей эфирде көрсетілді.
DART аппаратының Диморф астероидын соғуы Жердегі де, ғарыштағы да көптеген телескоптармен бақыланды. Оның өзі де бейнежазба камерасымен жабдықталған. Ол ғарыш нысанына жақындаған сәтін түсіріп үлгерді. Жоғарыдағы суретте тарихи соққыдан 2 секунд бұрын астероид Диморфостың беті көрсетілген. Осыдан кейін DART құрылғысы ғарыш нысаны бетіне құлағандықтан сигнал жіберуді тоқтатты.
«Біз жаңа дәуірге, яғни қауіпті астероид соққысынан өзімізді қорғауға мүмкіндігіміз бар дәуірге қадам басып жатырмыз», - деді NASA-ның планеталарды барлау бөлімінің директоры Lori Glaze.
Астероидтың бағытын өзгерту мүмкін бе?
Диморф астероиды – одан да үлкен нысан – Дидим астероидының серігі. Ол 11 сағат 55 минутта негізгі нысанды айналып шығады. DART аппаратымен соқтығысудың көмегімен америкалық мамандар ұшу уақытын 10 минутқа қысқартқысы келеді. Жердегі телескоптар аспандағы бұл нысандарды көре алмайды, бірақ олардан шығатын жарықтың өзгеруін анықтауға әбден қабілетті. Мүмкін, DART миссиясы толық орындалды ма, біз бірнеше аптадан кейін ғана білеміз.
Жердегі және ғарыштық телескоптардан басқа, LICIACube құрылғысы тарихи оқиғаны бақылаған. Бұл тостер өлшеміндегі ғарыш «операторы» DART жүйесіне салынған және соққыдан бірнеше апта бұрын одан бөлінген. Көп ұзамай ол оқиға орнына жақын ұшып, астероидтың шашыраңқы қалдықтарын суретке түсіреді. Бұдан атақты оқиғадан Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы да шет қалмады.
Дидим астероидінің көлемі
Диморф астероидін зерттеу
Диморф астероидімен не болғаны туралы қосымша ақпаратты біз 2027 жылы біле аламыз. Дәл сол кезде Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) Гера планетааралық станциясын нысанға жеткізеді. Ол астероидтың бетін зерттеуге тырысады және бұл мәселеде оған астероидқа қонуға тырысатын бірнеше шағын спутниктер (кубесаттар) көмектесе алады. Бұл шағын құрылғылардың міндеттерінің қатарында астероидтың рельефін, сондай-ақ оның химиялық құрамын зерттеу бар.
Астероид Диморф, Гера және кубесаттар
Жалпы, DART миссиясы адамзат астероидтарды дәл соғуға қабілетті екенін көрсетті. Енді ықтимал қауіпті астероидтардың қозғалыс бағытын осылайша өзгертуге бола ма, жоқ па, соны анықтау керек. Әзірге нақты деректер жоқтығына қарамастан, DART миссиясының инженері Елена Адамс осы күннен бастап адамдар тыныш ұйықтай алатынын атап өтті.
АҚШ-тан басқа, Қытай қауіпті астероидтарды жою технологиясын әзірлеп жатыр. Олар планетадағы тіршілікті жойып жіберетін Бенну астероидының бағытын өзгеркісі келеді.