- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ақ қан ауруына...
Ақ қан ауруына шалдыққан миллиардер Тиньков донорының алдында тізерлеп отырып рахмет айтты
Ақ қан ауруына шалдыққан кәсіпкер Олег Тиньков өмірін сақтап қалған донормен кездесті. Танымал кәсіпкер донорын көргенде көз жасын тия алмай, тіпті әйелдің алдында тізерлеп отырып рахмет айтты.
Екі жыл бұрын ақ қан ауруына шалдыққан миллиардерге донор болған Германия тұрғыны Сандрамен әсерлі кездесудің видеосын танымал кәсіпкер Instagram парақшасында жариялады.
«Бұл өте эмоционалды болды, біреудің өмірін сақтап қалу өте ғажап шығар... Біз кездестік, ішіп-жеп, сөйлестік. Немістер керемет қой ... олар тарихтан сабақ алып үйренген, ал қазір Еуропадағы ең адамгершілігі жоғары адамдар», - деп жазды«Тинькофф» банкінің негізін қалаушы кәсіпкер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сандрамен кездесу Франкфуртте оның отбасының қатысуымен өтті.
Тиньковтың айтуынша, 23 қазанда оның лейкоз диагнозы қойылғанына тура үш жыл толады.
2020 жылдың шілдесінде Тиньков сүйек кемігін ауыстырды. Күрделі ота онкологиялық науқастардың сауығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Кәсіпкер үш курс химиотерапия қажетті нәтиже бермей, ағзада аздаған лейкоздық жасушалар қалған соң шешім осындай шешім қабылдады.
2022 жылдың шілдесінде ол ремиссияда екенін растайтын молекулалық сынақтан өткенін айтты.
Т. Раушанұлы