- Негізгі бет
- Әлемтану
- Адам ғарышқа жақындай...
Адам ғарышқа жақындай түсті: Ричард Брэнсон ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды
Британиялық кәсіпкер және астронавт Ричард Брэнсон өзінің Virgin Galactic компаниясына тиесілі ұшағымен 90 км биіктікке көтерілді. Ол ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды.
Бренсон Нью-Мексикда жергілікті уақытпен таңғы 8:30-да ұшып, бір сағаттан соң Жерге қайта оралды. Оны Virgin Galactic тікелей эфирде көрсетті. Ричард ғарышта болған кезінде оның керемет сұлулығын суреттеп, осындай ғажапты көруге себепкер ғарыш кемесін жасаған әріптестеріне рахмет айтты.
"Алдағы арманшыл буынға айтарым, біздің қолымыздан ғарышқа ұшу келсе, сіздердің қолдарыңнан бұдан да зор істер келеді", - деді астронавт.
Брэнсон Жерге оралғанда, журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ғаламшарды ғарыштан бақылап отыру өте әсерлі болатынын айтты.
Кәсіпкер Unity бірінші коммерциялық рейске ерекше викторина стилінде жеңімпаздарға ақысыз екі орын ұсынатынын хабарлады.
Брэнсонмен бірге 5 адам ұшты. Virgin Galactic туристерді ғарышқа апару науқанын бастап та кетті, ал алғашқы коммерциялық рейс келесі жылы болады.
Брэнсон 2004 жылы Virgin Galactic компаниясының негізін қалап, ғарышқа 2007 жылы туристерді ұшыратынын мәлімдеді, бірақ бұл процесс 2021 жылы ғана жолға қойылды. Осы кезге дейін кәсіпкер ғарыш саласындағы бірқатар мәселелерге тап болды. Бірақ ол алға ұмтылуды тоқтатпады. 2014 жылы оның ракетасы апатқа ұшырады, нәтижесінде ұшқыш қайтыс болды.
"Мен ғарышқа ұшуды кішкентай кезімнен армандадым. Алдағы 100 жылда мұндай мүмкіндікті жүз мыңдаған адамға ұсына аламын деп үміттенемін. Неліктен адамдар ғарышқа ұшпауы керек? Менің тілегім, олар біздің керемет планетамызға қарап, Жерге оралғанда оны қорғау үшін барын салады", - деді Брэнсон.
Брэнсонның компаниясында ұшақ түрінде жасалған ерекше ұшақ жасалады. 14 шақырым биіктікке дейін SpaceShipTwo ұшағын WhiteKnightTwo ұшақ тасушысы алып шығады. Ары қарай суборбиталды ұшақ 42 секундта әуенің стратосфера қабатынан мезосфера қабатына өтіп, 82,7 шақырым биікке дейін көтеріле алады. Бұл ұшақ дауыс жылдамдығынан 2,9 есе тез ұшады.
Ұшақ Жер атмосферасы мен кеңістігінің шекарасына дейін жетеді. Жер атмосферасы мен ғаламның шекарасы 100 км биіктікте. Сол себепті ұшудың ең жоғары биіктігі 90 км. Одан жоғары тартылыс күші жоқ.
Unity – суборбитальды зымыран тасығыш. Яғни, ол Жерді айналып өтуге мүмкіндік беретін биіктік пен жылдамдыққа жете алады. Брансонның бұл тұрғыдағы қарсыласы – әлемдегі ең бай адам Джефф Безос. Amazon құрылтайшысына тиесілі New Shephard жобасы 20 шілдеде миллардермен бірге 3 адамды ғарышқа ұшырады. Безос Blue Origin негізін 2000 жылы қалаған.
Джефф Безос Twitter-де Брэнсонды құттықтады: "Құттықтаймын, Ричард. Жақында мен саған қосыламын", - деп жазды миллиардер.
Безостың зымыраны 100 км биіктікке көтеріледі. Яғни, оның ұшуы Брэнсонға қарағанда 10 км жоғары болады. Әлемнің ең бай адамының қасында ағасы Марк, ұшу үшін 28 миллион доллар төлеген белгісіз жолаушы, сондай-ақ 82 жастағы ғарышкер Уэлли Фанк болады.
Брансон 600 адам Virgin Galactic-пен бірге ғарышқа ұшуды күтіп отырғанын айтты. Олар билет үшін алдын-ала төлем жасаған. Бірақ Безос бұл бағыттағы жоспарларын әлі жариялаған жоқ. Екі миллиардер арасында күрделі іскерлік бәсеке болған кезде, олар бір-біріне телефон арқылы жұмыстарына сәттілік тілеген.
Илон Маск бұған дейін ғарышта бірқатар жетістіктерге жетті. Space X компаниясы ғарышкерлерді ғарышқа ұшырып, сәтті қондырды. Оның кемелері Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізіп, жүздеген жер серіктерін Жер орбитасына орналастырды. Себебі Маск өзінің спутниктік интернет желісін құруды жоспарлап отыр. Ол күзде бүкіл ғаламды интернетпен қамтамасыз ету жұмысын байстайтынын мәлімдеген болатын. 2020 жылға дейін америкалық астронавттарды ғарышқа тек ресейлік авиация шығарды. Себебі олардың алдыңғы бірнеше рейсі сәтсіздікке ұшырап, бірнеше ғаршкер қайтыс болды. Илон Масктың жеке ғарыш компаниясы ғарышқа ұшу әлдеқайда арзан болатындығын дәлелдеді.
Илон Маск түнгі сағат 03:00-де Ричард Брэнсонның үйіне келген.
"Ғарышқа ұшар алдында түнгі үште асүйге кірсем Маск отыр", - дейді Ричард Брэнсон.
Айтва кетейік, SpaceShipTwo суборбитал ұшағы туристердің салмақсыздықты сезінуі және Жер шарын 100 шақырым биіктіктен тамашалауы үшін жасап шығарылған. Билет құны 250 мың доллар. 2019 жылы ұшады деген Брэнсонның жоспары 2 жылға кешікті. 2 жыл бұрын жүздеген адам билетке тапсырыс беріп қойған болатын.
Т. Раушанұлы