- Негізгі бет
- Әлемтану
- 7 санының кереметтері...
7 санының кереметтері
Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Атақты ойыншылардың көпшілігі алаңда осы номерде ойнайды. Сондықтан өмірде бұл санға байланысты көптеген қызық дерек бар. 7 күн, 7 ғажайып, 7 қазына, 7 ұрпақ, 7 климат, 7 түс, 7 планета, 7 теңіз, және т.б. Назарларыңызға әйгілі жетіліктерді ұсынамыз.
Әлемнің ежелгі жеті кереметі:
1. Египет пирамидалары;
2. Вавилонның ілулі бағы;
3. Артемида храмы;
4. Галикарнас кесенесі;
5. Зевс мүсіні;
6. Рододағы мүсін;
7. Александрия шамшырағы.
Орта ғасырдың жеті кереметі:
1. Рим Колизейі:
2. Александрия жер асты жолы;
3. Ұлы Қытай қорғаны;
4. Әулие София шіркеуі;
5. Стоунхендж;
6. Пиза мұнарасы;
7. Нанкин будда ғибадатханасы.
Әлемнің жеті табиғи кереметі:
1. Эверест тауы;
2. Үлкен тосқауыл рифі;
3. Гранд Канъон;
4. Виктория сарқырамасы;
5. Рио -де -Жанейро бұғазы;
6. Парикутин жанартауы;
7. Солтүстік көлдер.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ілім – білім.
4. Жүйрік ат.
5. Құмай тазы.
6. Қыран бүркіт.
7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны "жеті ырыс" деп танып, оған мыналарды жатқызған:
1. Адамның ақыл – ойы, санасы.
2. Денсаулық.
3. Ақ жаулық (ердің жары).
4. Бала (өмір жалғасы).
5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды).
6. Жер ("Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл").
7. Ит.
Жігіттің жеті қазынасы:
1. Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты
2. Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
3. Құмай тазы – бастан берік сенімі,
4. Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
5. Алмас кездік – жігіт сұсы, һәм мысы
6. Ау жылымы – амал, айла, әдісі
7. Қара қақпан серті себі тірліктің
Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:
1. көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
2. Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
3. Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
4. от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
5. су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
6. Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
7. ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы.
Апта күндері:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,
Бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Заттардың жеті түрі:
1. қатты,
2. сұйық,
3. газ тәрізді,
4. плазма,
5. нейтрон,
6. эпиплазма,
7. физикалық вакуум күйі.
Жеті музыкалық ноталар: do, re, mi, fa, sol, lya, si.
Жеті ұрпақ: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті климат: экваторлық, субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық, қоңыржай, субарктикалық, арктикалық.
Жеті түс: ақ, сары, қызыл, қара, көк, жасыл, қызғылт сары.
Жеті планета: Ежелгі адамдар жеті қасиетті планета адамның өміріне, тағдырына және өзара байланысына байланысты екенін түсінді. Олар:
Күн – күш пен құлшыныстың символы;
Ай – сүйкімділіктің белгісі;
Марс – соғыс символы:
Меркурий – даналықтың белгісі;
Юпитер – бақыт белгісі;
Венера – махаббат белгісі;
Сатурн – егіншіліктің белгісі.
Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті ғашық: 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.
Т. Раушанұлы