Жапония үкіметі 2011 жылы наурызда техноген апатқа ұшыраған Фукусима-1 атом электр станциясындағы радиоактивті судың үлкен көлемін мұхитқа ағызу туралы шешім қабылдады. Бірақ Қытай мен Оңтүстік Корея елі Жапонияның бұл ісіне алаңдап отыр.
Киодо ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, станцияда жинақталған суды мұхитқа төгу туралы шешім премьер-министр Ёсихидэ Суга төрағалық еткен жиында қабылданған.
“АЭС суын зарарсыздандыру – бұл атом электр станцияларының жұмысындағы ең үлкен мәселе”, - деді Суга кездесу барысында.
Наурызда АЭС аймағында цистерналарда 1,25 миллион тонна тазартылған радиоактивті су жиналған. Суда стронций мен дейтерий сияқты радиоактивті заттар жоқ, бірақ оның құрамында тритий изотоптары бар. Одан суды тазарту техникалық жағынан мүмкін емес. AES операторы Tokyo Electric Power Company Holdings Inc. станциядағы тазартылған судың көлемі артып келе жатқанын және оны жинайтын орын 2020 жылдың күзіне дейін қалмайтынын ескертті.
Қазақстанда АЭС құру дұрыс па, бұрыс па?
Жапония үкіметі станциядан шыққан су Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді.
Мұхитқа су ағызуға дайындық шамамен 2 жыл уақыт алады. Жапония премьер-министрі үкімет процестің қауіпсіздігін қадағалайтынын айтты. Теңіз өнімдерінде радиоактивті заттардың болуы да тексеріледі.
Алайда Қытай мен Оңтүстік Корея елі Фукусимадан судың мұхитқа жіберілуіне алаңдап отыр. Бұл мемлекеттер бұл процестің адам мен экологиялық қауіпсіздікке тікелей және жанама әсер етуі мүмкін деп алаңдайды және Жапонияны бұған жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Айта кетейік, 2011 жылы 11 наурызда Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунамиден кейін Фукусима-1 АЭС-да салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты бірқатар апат болды. Үкімет адамдарды атом электр станциясының айналасындағы 20 шақырымдық радиус аймағынан эвакуациялады. Сонымен қатар, Фукусима-1-де қауіп деңгейі максимал деңгейге жеткенін жариялады. Бұл деңгей Чернобыль апаты кезінде болған.