2022 жылдың қорытындысы: әлемдегі ТОП-10 оқиға

2022 жылдың қорытындысы: әлемдегі ТОП-10 оқиға

2022 жылы Қазақстанда да әлемде де бірнеше тарихи оқиға орын алды. Жыл басы елімізде Қаңтар оқиғасымен басталса, әлем Ресейдің Украинаға басып кіруінің куәсі болды. Иранда Махса Аминидің өлімі жаппай наразылыққа алып келсе, Қытайда карантин кесірінен басталған шеру кезінде ақ қағаз көтерілісшілер символына айналды.

© pravda.com.ua

Ресейдің Украинаға басып кіруі

Ресей Украинаға қарсы өз әскери қимылдарын 23 ақпаннан 24 ақпанға қараған түні бастады.

24 ақпан 2022 жылы Мәскеу уақытымен 05:30-да Ресейлік мемлекеттік телеарналары Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің үндеуін трансляциялай бастады. Путин оның мақсаты Донбасс тұрғындарын қорғау екенін атап өтті.

Ол өзге елдерге қақтығысқа араласпауын ескертіп, «Ресейдің жауабы дереу болады және сізді өз тарихыңызда ешқашан көрмеген зардаптарға әкеледі» деді. Көптеген батыстық БАҚ пен сарапшылар бұл сөздерді ядролық қаруды қолдану қаупі деп бағалады.

Соғыс әлі де жүріп жатыр. Екі жақтан да 10 мыңға жуық сарбаз қаза тапқаны хабарланды.

© SCIENCE PHOTO LIBRARY

Маймыл шешегінің таралуы

Мамыр айында әлемде маймыл шешегі таралғаны хабарланды. Бұл шешек ауруына ұқсас, 2022 жылға қарай тек Орталық және Батыс Африка елдерінде тіркелген.

Еуропада маймыл шешегінің алғашқы адамы 7 мамырда расталды. Бұл Ұлыбританияда болды, бірақ қарашаның аяғында вирус 110 елде анықталды және 81 мыңнан астам адам шешекпен ауырды.

Жалпы, маймыл шешек қарапайым шешек ауруына қарағанда өлімге қабілеттілігі төмен және жеңіл белгілері бар. Әдетте инфекция өздігінен жоғалады және 14-тен 21 күнге дейін созылады.

© AP

Тайвань айналасындағы эскалация

Тамыз айының басында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аясында Қытай мен Тайвань арасында шиеленіс басталды.

2 тамызда Пелоси Тайваньды өз территориясы санайтын Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньның Тайбэй қаласына келді.

Нэнси Пелосидің аралға сапары Қытайдан шұғыл әскери жаттығуларды тудырды. ҚХР Тайвань бұғазы бағытында жойғыш ұшақтарын ұшырып, өзінің әскери кемелерін теңізге шығарды. Сонымен бірге Тайвань ұлттық армиясының жауынгерлік әзірлігін жоғарылатты.

Сол уақыттан бері Қытай бомбалаушы ұшақтары әлі күнге дейін Тайваньның әуе қорғанысы аймағына мезгіл-мезгіл кіреді. Соңғы рет 13 желтоқсанда болған.

© opk.com.ua

Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі

1-3 тамызда Таулы Қарабақтағы Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың жаңадан шиеленісуі басталды. Елдер бір-бірін 2020 жылдың соңында жасалған атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады.

Әзірбайжан «Кек алу» операциясын бастап, «бірқатар маңызды стратегиялық биіктерді» өз бақылауына алды. 13 қыркүйекте соғыс қимылдары даулы аумақтарда емес, екі елдің шекарасында басталды. Қақтығысқа қатысушы тараптардың ресми мәлімдемелеріне сәйкес, атқылау салдарынан кемінде бірнеше жүздеген адам қаза тапқан.

© Twitter

Ирандағы көтеріліс

Махса Амини Иранның Күрдістан провинциясында тұратын 22 жастағы қыз. Оны дұрыс киінбеген деген айыппен қыркүйек айында Мораль полициясы түрмеге қамады. Махсаның отбасы мен БАҚ-тың хабарлауынша, қызды полицейлер соққыға жығып, салдарынан ол қаза тапқан. Оның өліміне байланысты Иранда басталған наразылықтар желтоқсанға дейін жалғасып, елдің саяси жүйесін өзгерту талабына айналды.

Махса Амини бастаған шерулер Иран тарихындағы ең ұзақ наразылық болды. Құқық қорғаушылар бұл шерулерде 400-ден астам адам қаза тауып, 18 000 адам түрмеге жабылды деп есептейді.

© instagram.com/buckinghampalaceroyal

II Елизавета 97 жасына қараған шағында қайыс болды

8 қыркүйекте Британдық патшайымы Елизавета II 97 жасына қараған шағында қайыс болды.

Ұлыбритания патшайыммен бір аптадан астам қоштасып, оның табытының алдында кезек бірнеше шақырымға созылды. Онымен қоштасу үшін британдықтар 10-14 сағат күтуге мәжбүр болды.

19 қыркүйекте II Елизаветаның мүрдесі салынған табыт Лондон көшелерімен тасымалданды.

II Елизаветаның орнына үлкен ұлы  III Чарльз келді. Қазір ол 73 жаста. II Елизавета таққа 1952 жылы 6 ақпанда жиырма бес жасында, әкесі - Король Георгий VI қайтыс болғаннан кейiн отырған едi.

© Twitter

Ыстамбұл көшесіндегі жарылыс

13 қарашада Түркияның Ыстамбұл қаласындағы туристер ең көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болды. Жарылысқа бомба салынған пакетті тастап кеткен әйелдің қатысы болған. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 81 адам зардап шекті.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жарылысты ПКК ұйымдастырғанын айтты. 2022 жылдың 14 қарашасында түрік полициясы көшеде жарылғыш зат салынған сөмкені тастап кеткен деген күдікпен әйелді ұстағаны белгілі болды. Полиция бұл іс бойынша барлығы 50 адамның ұсталғанын және жарылғыш зат салынған сөмкені орналастырды деген күдікке ілінген Ахлам Альбашир есімді әйелдің Сирия азаматы екенін және Сирияда күрд жауынгерлерінен дайындықтан өткенін мойындағанын айтты.

© twitter.com/sportbible

Катардағы футболдан әлем чемпионы күтпеген жаңалықтарға толы болды

Катарда әлем чемпионаты 20 қарашада басталды. Футбол додасында түрлі қызық болып, жаңа техникалар қолданылды. Аргентина құрамасы турнирде топ жарып чемпион атанды.

Катар турнир қожайыны ретінде әлем чемпионатының ашылу матчінде жеңіліп қалған алғашқы команда атанды. Кейін катарлықтар Сенегалдан, артынша Нидерландтан жеңіліп қалды. 

Тарихта алғаш рет турнир қожайыны барлық үш матчінде жеңіліп қалды. Турнирде қуатталатын доптар қолданылды.

Мундиальді бес қаладағы сегіз стадион қабылдады. Бұл жанкүйерлерге ыңғайлы болды. Катар шағын мемлекет, сондықтан бір-бірінен ең алыс стадиондардың арасы 70 шақырым ғана болды. Бір аренадан екіншісіне жету үшін көп дегенде бір сағат қажет.

Әлем чемпионатында алғаш рет төреші әйелдер де қазылық етті.

Англия мен Иран құрамалары әлем чемпионаты тарихындағы ең ұзақ матч өткізді - ойын 117 минут 16 секундқа жалғасты.

Қытайдағы ковид шектеулеріне қарсы наразылықтар

Қытай үкіметі енгізген коронавирусты шектеу шараларына қарсы демонстрациялар қарашаның соңында сенбіден жексенбіге қараған түні елдің бірқатар қалаларында өтті.

Наразылық акцияларына 24 қарашада Үрімжідегі тұрғын үйдегі өрт себеп болды, ресми мәлімет бойынша, 10 адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды. Өрт сөндірушілердің жұмысына, болжам бойынша, қала көшелеріндегі ковид тосқауылдары кедергі болған. Көтерелісшілер арасында ақ қағаз наразылықтың символына айналды.

Оқиға кезінде түсірілген кадрларда қоршаулардың кесірінен үйге дейін жете алмаған құтқару көлігі көрінеді. Өрт сөндірушілердің суы жоғарғы қабаттардағы өртке жетпеді. Сондай-ақ, құлыптап қоюға байланысты тұрғындар ғимараттан тез шыға алмағандығы туралы да пікірлер айтылды.

Наразылық акциясының жазбалары мен бейнелері жарияланғаннан кейін бірден қытайлық әлеуметтік желілерден жойылады. Көтерілісшілер арасында ақ қағаз наразылықтың символына айналды.

© un.org

Ауғанстанда әйелдер жоғары оқу орындарында оқуға тыйым салынды

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) өкілдері Ауғанстанда әйелдерге жоғары оқу орындарында оқуға тыйым салды.

Ауғанстан жоғары білім министрлігінің айтуынша, шешім Талибан үкіметінің отырысынан кейін жарияланған.

"Баршаңызға келесі ескертуге дейін әйелдердің оқуын тоқтату туралы бұйрықты дереу орындауға кеңес береміз", - делінген министрліктің барлық мемлекеттік және жеке жоғары оқу орнына жолдаған хатында.

Бұл хатты Білім министрлігінің өкілі Twitter-де жариялады. Тыйым қыздар мен әйелдердің 6-сыныптан кейін оқуға болмайтынын білдіреді.

А. Оралқызы