Сүйген жан - қалыңдық сырлары

Сүйген жан - қалыңдық сырлары

Қалыңдық - сен ашуланғанда, амалын тауып сені қуанышқа бөлейтін, көңілді жадырату үшін өзі мүлде істеп көрмеген істің барлығын жасауға пейілді болатын әлгі адам.

Қалыңдық - сенің уәдеңді жүрегіне терең сақтаған, сен жайлы көп уайым жейтін әлгі адам.

Қалыңдық - боранды сенімен бірге өткізген, сосын сенің амандығың үшін мұқияттылықпен «Бұдан кейін абайлап жүр» дейтін әлгі адам.

Қалыңдық - жолдарда ақырын ғана сенің қолыңды иығына қойғызған, қалай жүрсең де сенімен тең жүріп, терең махаббат ізімен жүрек жолдарына өрнек салған әлгі адам.

Қалыңдық - тұнық әні мен күлкісі сенің барлық күндеріңді мас қылатын әлгі адам.

Қалыңдық - сен бірер күн көрмесең, қабырғаң сөгіліп тұрғандай болатын әлгі адам.

Қалыңдық - ауыз жүзінде ештеңе болмағандай болғаныңмен, онымен басқа жігіт бірге жүргенін көргеніңде, сенің жүрегіңе үнемі салқындық әкелетін әлгі адам.

Қалыңдық - қасқайып тұрған басыңды өзінің мейірімді құшағының алдына жерлейтін әлгі адам.

Қалыңдық - мейлі сен қайда барсаң да,  махаббат толқыны ынтықтыра алмайтын, ерніңде оның жылы лебінің табы бар, барлық бақыт содан табылатындай болатын, мейірімді күлкісі бар әлгі адам.

Қалыңдық - дөңгеленген шырақ сәулесі астында әр алуан жазулармен сен үшін сурет сызған, өлең жазған әлгі адам.

Қалыңдық – сені өзінің сәулетімен қанағаттандыра алдым ба, сүйкімді бола алдым ба деп алаңдайтын әлгі адам.

Қалыңдық - қиыншылыққа қайсар көрінетін, ал сені көрісімен жаңбыр соққылаған гүлдей болатын әлгі адам.

Қалыңдық - сен жүрген жерлер қаншалықты қатерлі болса да, сенімен бірге жүретін, соңынан ойланып, көкірегін басып, қорқатын әлгі адам.

Қалыңдық - сенің балалық шағың туа қалғанда, сенімен бірге бас соғыстыратын, үңгір қазысатын, одан соң сенің көкірегіңе маңдайын сүйеп қатты күлетін әлгі адам.

Қалыңдық - сенің атыңды күнделік парақтарына толтыра жазған әлгі адам.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mail.ru

M. Auelkhan