Психологиялық тест: басқалардан артықшылығыңыз қандай?

Психологиялық тест: басқалардан артықшылығыңыз қандай?
Фото: 1plus1.ua

Психологиялық тесттер уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Ендеше, суреттен ұнап тұрған сөмкені таңдап, жауабын оқыңыз.

№1 сөмке

Бірінші болғыңыз келеді. Әрқашан өзіңіздің орныңыз үшін күресесіз. Жұмысқа көп күш жұмсайсыз. Басқалар сізді құрметтейді және бағалайды. Сіз өтірікті жек көресіз және өтірік айтқан адамды кешірмейсіз.

Сіздің артықшылығыңыз: ешқашан еңсеңізді түсірмейсіз, сенімді жоғалтпайсыз, өзіңізге сенесіз.

№2 сөмке

Жалғыздықтан қорқасыз. Адамдармен қызықты тақырыпта әңгіме айтқанды жақсы көресіз, бірақ отбасыны, үйді бірінші орынға қоясыз. Сіз отбасыңызда барлығы жақсы және жайлы болуы үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасайсыз.

Сіздің артықшылығыңыз: ашық адамсыз. Сіз өзіңізге де, біреуге де өтірік айтпайсыз.

№3 сөмке

Сіз өте қызықты адамсыз. Сіз тағдыр белгілеріне және бақытты сандарға сенесіз. Өткенді, қазіргіні және болашақты үйлестіре аласыз.

Сіздің артықшылығыңыз: жақсы көре аласыз. Сіз батыл әрекеттерге бара аласыз.

№4 сөмке

Сіз қатардың алды немесе арты болғыңыз келмейді.  Сіз әрдайым ортасын таңдап жүресіз. Сіз үшін бастысы – жақсы көретін адамдарыңыздың сау болуы. Дана адамсыз.

Сіздің артықшылығыңыз: кез келген жағдайда не айту керегін білесіз. Өте орынды сөйлейсіз және даусыңыздың үні жағымды.

№5 сөмке

Сізге кеңістікті ұйымдастырған ұнайды. Бизнесте, үйде және жұмыста та сіз барлығын ұйымдастыруды білесіз.

Сіздің артықшылығыңыз: интуицияңыз жақсы дамыған. Адамдардың өтірік айтып тұрғанын аңғарып қоясыз.

А. Жапатова