Тест: суреттен баланы көре алдыңыз ба?

Тест: суреттен баланы көре алдыңыз ба?

Адамдар бір жағдайға тап болса да, әркім оны өздігінше "көруі" мүмкін. Оны оптикалық иллюзиялар дәлелдейді. Суреттен не байқадыңыз?

Табиғат көрінісін, көл жағасын, ағаштарды және алысқа қарап тұрған ғашықтарды көрген боларсыз. Алайда бұл суретте бала да бар. Іздеп көріңіз.

Бұл оптикалық иллюзияның әсері субъективті немесе иллюзиялық сұлба ретінде белгілі. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл шартты сурет, оны арнайы салмады, бірақ ми аздап тырысса, оны нақты сурет ретінде анықтайды.

Егер бұл суреттен баланы көре алмасаңыз, миыңыз сізге таныс нәрселерді (табиғат, адамдар) маңызды "санады" деген сөз. Бұл сіздің ұқыпты екеніңізді және ақпаратқа жекеден бүтінге дейін анализ жасайтыныңызды көрсетеді.

Егер баланың сұлбасын жылдам тапсаңыз, бұл сіздің ауқымды ойлайтыныңызды, ұсақ-түйекке аса мән бермей, жағдайға жалпылама қарайтыныңызды көрсетуі мүмкін.

Оған қоса, оптикалық иллюзияларды табу жаттығуға байланысты. Мұндай басқатырғыштарды жиі орындап жүргендер, "жасырылған" объектіні тез табады.

Тест: суреттен кімді көргеніңізді айтыңыз, ал біз сіздің нешеде екеніңізді айтамыз.

А. Жапатова