Астролог сәуірде жолы болатын жұлдыз белгіні атады

Астролог сәуірде жолы болатын жұлдыз белгіні атады

Сәуірде көктемнің келгенін толық сезіне аламыз. Осы кезде жаңаша өмір сүріп бастағымыз келеді: жоспарлар құрып, жақсы нәрсеге үміттенеміз. Астролог Тамара Глоба Woman.ru сайтына сәуірде міндетті түрде жолы болатын жұлдыз белгіні атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәуірде Балықтардың жолы жеңіл болады, олар қандай істі бастаса да, сәтті жүріп кетеді.

2023 жылдың сәуірінде оларды қаржы саласында және махаббатта жолдары болмақ. Жалғызбасты Балықтар өз бақытын кездестіреді. Олар романтикадан ләззат алады.

Бұл жұлдыз белгісі ірі зат сатып алуы мүмкін.  Сондай-ақ жылжымайтын мүлік саласында мүмкіндіктер туады. Бірақ бұл кезде денсаулыққа аса мән беру керек: бұрынғы созылмалы ауру асқынып кетуі мүмкін.

Бұл жұлдыз белгісі өкілдері өздерінің қаржы проблемаларын шеше алады және арманын жүзеге асыра алады.

Тамара Глоба бұл жұлдыз белгісінің өкілдеріне табысқа жету үшін өз мойнына жауапкершілік алып, бастаманы қолға алуға кеңес берді.

А. Жапатова