- Негізгі бет
- Жаднама
- Психолог босанғаннан кейінгі...
Психолог босанғаннан кейінгі депрессияның 3 белгісін атады
Психолог сәбиді жаңа ғана дүниеге әкелген әйелдің мінез-құлқындағы қандай ерекшеліктер жақындарын шошытпау керегін, қайсысы дәрігерге жүгінерлік жағдай екенін түсіндірді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, босанғаннан кейінгі депрессия барлық босанатын әйелдердің 10-20% -ында кездеседі. Психологтар босанғаннан кейін әйелдер жиі әдеттен тыс әрекеттер жасайтынын айтады.
"Бэби блюз"
"Жас ана босанғаннан кейінгі алғашқы 14 күнде депрессиялық күйге ұшырауы мүмкін, оны "бэби блюз" (балалық – ағылшын тілінен аударғанда) деп атайды. Ол көңіл-күйдің кенет өзгеруімен, уайым сезімімен сипатталады. Әйел жылайды немесе күледі, көңіл-күйі тым тез өзгереді", - дейді психолог Олеся Лупак.
Оның айтуынша, күйзеліс кезеңі 2 аптаға созылады.
"Бұл күй ана босанғаннан соң 14 күнге дейін созылуы мүмкін және қалыпты жағдай саналады, өйткені әйелдің ағзасында босанғаннан кейін гормоналды өзгерістер орын алады", - дейді дәрігер.
Бірақ жақында босанған әйелдің мінез-құлқындағы келесі белгілердің пайда болуы мен ұзақтығына мұқият назар аудару керек.
Жас ана босанғанған кейін қатты жақсы көрген нәрселеріне мән бермейді
"Мысалы, әйел әрқашан үй жануарларын жақсы көреді, ал нәресте пайда болғаннан кейін оларға мән бермейді. Немесе бұрын әйел досымен телефон арқылы сағаттап сөйлесетін болса, қазір ол бұғаноған немқұрайлы қарайды. Яғни, бұрын жақсы көрген нәрселерге, әдеттерге, сүйікті адамдарға және жануарларға реакция пайда болады", - дейді психолог.
Атиптік тамақтану тәртібі
Бұл жерде екі нұсқа бар. Әйел не принципті түрде тамақтан бас тартады, ештеңе жегісі келмейді немесе әлдеқайда көп жейді.
"Бұл жас аналарға ғана емес, негізінен көптеген адамға тән депрессияның әдеттегі белгісі", - дейді психолог.
Психологтың айтуынша, егер сіз әйелде аталмыш белгілердің болуын "бэби блюз" аяқталғаннан кейін бір-екі апта ішінде, яғни босанғаннан кейін шамамен бір айдан кейін байқасаңыз, онда бұл мұқият назар аударарлық жағдай.
"Кем дегенде, сіз әйелмен оның өзін қалай сезінетінін, қандай эмоцияларды бастан кешіретіні туралы сөйлесуіңіз керек және дұрысы босанғаннан кейін әйелдерді жаңа режимге, жаңа сезімге бейімдеумен айналысатын психологқа хабарласыңыз", - деп кеңес береді психолог Олеся Лупак.
Айта кетейік, бұған дейін гастроэнтеролог беттегі қандай белгілер ішек ауруын білдіретінін айтқан болатын.
Т. Раушанұлы