Терапевт қыста көлік ішіндегі жылы орындық қандай аурулар туғызатынын айтты

Терапевт қыста көлік ішіндегі жылы орындық қандай аурулар туғызатынын айтты
Фото: autonews

Қыста көптеген адам қоғамдық көліктерден бас тартып, жеке көлігімен жүреді немесе таксиге тапсырыс береді. Көлікте біз пешті максималды түрде қосамыз, орындықтарды ең жоғары температураға дейін қыздырамыз, бұл денсаулыққа қалай әсер ететінін ойламаймыз.

Автокөліктегі қолайлы ауа температурасы қандай және орындықты жылыту денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін бе?

Автокөліктегі дұрыс температура +20-22 градус болуы керек.

"Көліктегі температура 25 градустан жоғары көтерілсе, жүргізушінің реакцияға жылдамдығын бәсеңдеп, нәтижесінде апат болуы мүмкін" - деп ескертеді терапевт.

Киім таңдағанда, сырттағы ауа райын назарға алыңыз, ал көлікте ыстық болмас үшін күртеңіз бен бас киіміңізді шешкеніңіз жөн.

Көліктегі пешті максималды қосу денсаулықтың әртүрлі мәселелерін тудыруы мүмкін, мысалы:

• шырышты қабықтың құрғауы,

• ринит,

• созылмалы өкпе ауруларының өршуі.

Сонымен қатар, көміртегі тотығымен улану да орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, көліктегі ауа ыстық болған кезде терезелерді ашу ұсынылмайды, өйткені бұл қабынуға әкелуі мүмкін, мысалы, беттегі жүйке тамырлары немесе буындар ауырады.

Жылытылған орындықтар қаупі

"Көлік іші суық кезде орындықты жылыту зиян емес, бірақ қатты қыздыру созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін", - дейді Людмила Клочко.

Ер адамдарда бұл қуық асты безінің қабынуы, ұрық безінің қызып кетуінен бедеулікке әкеледі. Әйелдерде де онкологиялық аурулар туады.

Гигиена туралы ұмытпаңыз

Автокөлік сіздің жеке пәтеріңіз сияқты, үнемі тазалануы керек.

"Шаңды үнемі сүртіп тұру қажет, өйткені ол панельде тез жиналып, аллергиялық реакциялар мен өткір ринитке әкелуі мүмкін", - дейді терапевт.

Сондай-ақ автокөлік хош иістендіргіштеріне абай болу керек, өйткені олардың құрамында жиі ингаляция кезінде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін химиялық заттар бар. Егер сіз хош иісті пайдаланғыңыз келсе, онда табиғи құрамы бар жиынтықтарға артықшылық беру керек.

Т. Раушанұлы