Ең пайдалы 5 көкөніс шырыны: оларды күнде ішсеңіз не болады?

Ең пайдалы 5 көкөніс шырыны: оларды күнде ішсеңіз не болады?
Фото: gastronom

Көкөніс шырындарының пайдалылығы жеміс шырындарынан кем түспейді, кейбір жағдайларда олардан асып түседі.

Жемістер мен көкөністерден алынған шырын дұрыс таңдалса, күнделікті диетаңызға пайдалы және дәмді қосымша болады. Көкөніс шырынының пайдасы туралды эндокринолог және диетолог Елизавета Дзантиева айтты.

Күнделікті тұтынуға болатын ең пайдалы және танымал көкөніс шырындарының ішінде дәрігер мыналарды атады:

Сәбіз шырыны – оның құрамында көп мөлшерде каротин бар, ол көру, тері және зат алмасу процестеріне жақсы әсер ететін А дәруменінің қоры. Шырын мүмкіндігінше пайдалы болуы және дәруменнің толық сіңуі үшін қолданар алдында оған бір шай қасық зәйтүн немесе күнбағыс майын қосу керек.

Қызылша шырыны – мультидәруменді кешен. Бұл өнімде В тобының дәрумені, әсіресе пантотен, фолий қышқылы, рибофлавин және тиамин, ниацин көп. Сонымен қатар, оның құрамында көптеген антиоксиданттар – Е дәрумені және жасушаларды зақымданудан қорғайтын аскорбин қышқылы бар. Бұдан бөлек – калий, кальций, магний, натрий, фосфор, темір, йод, хлор және марганец те қызылша шырынының құрамында кездеседі. Олардың барлығы метаболизмді қолдайды.

Қызанақ шырыны –  қартаюды, жасушалардың зақымдануын тиімді бәсеңдетуге және дененің иммунитетін арттыруға көмектесетін ликопеннің көп мөлшерін қамтиды.

С дәруменінің жоғары мөлшерін қамтитын қырыққабат шырыны ЖРВИ және тұмау кезінде өте жақсы көмекші болады, көңіл-күй мен әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі.

Көкөністерден алынған шырындар – кәді, қияр, брокколи, савой қырыққабаты хлорофиллге бай, олар өзінің құрамы бойынша гемоглобинді синтездеу үшін қолданылатын өмірлік маңызды элемент - темірге бай.

Шырынды литрмен ішуге болмайды

Кез келген өнім дұрыс пайдаланылған жағдайда пайдалы екенін түсіну маңызды. Сондықтан, көкөніс шырындарының құрамында қоректік және пайдалы компоненттердің көп болуы бұл сусынды көп ішуге ешқандай негіз бермейді. Сонымен қатар, көкөніс шырындарын ішетін күннің уақыты да маңызды.

Шырындар көмірсуларға жеткілікті бай өнім. Сондықтан, тіпті көп мөлшердегі көкөніс шырындары қандағы глюкозаны жоғарылатуы мүмкін, ол жоғары деңгейде тұтынылса, денеге зиян еді. Сондықтан күніне 200-250 мл шырыннан (бұл бір стақан) артық ішуге болмайды.

Өнімнен максималды пайданы қалай алуға болады?

Шырынға қант пен тұз қоспаңыз. Егер шырын тым тәтті болса сумен сұйылтыңыз. Ал көкөніс шырындарының кейбір түрлерін, негізінен, таза түрінде, әсіресе қызылша шырынын тұтыну ұсынылмайды оған әрқашан су қосу керек.

Сонымен қатар, шырындарды таңертең ішу пайдалы. Олар метаболикалық белсендіргіштер, денені сергектікке ынталандыратын энергетикалық сусындар. Кешке шырын ішу ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін.

Қарсы көрсеткіштер бар

Қарсы көрсеткіштердің тізімі аз болса да, бар, әсіресе денсаулыққа қатысты проблемалар болса шырынды сақтықпен ішкен жөн. Сонымен, асқазан-ішек ауруларының (гастрит, панкреатит, холецистит) өршуі кезінде шырындарға тыйым салынады. Белгілі бір өнімдерге аллергия болған кезде ішуге болмайды.

Т. Раушанұлы