Қазанда қаржылық өзгерістерге ұшырайтын 6 жұлдыз белгісі

Қазанда қаржылық өзгерістерге ұшырайтын 6 жұлдыз белгісі
Фото: Mark Tegethoff, Unsplash.com

Қазанда кімдердің кіріс деңгейі артатынын және кімдер маңызды қаржылық салым жасайтынын Elle.ru астрологы айтты.

Таразы

Бұл жұлдыз белгісі өкілдері өмірінде жаңа қаржылық кезең басталады. Ол жаңа кіріс көзімен байланысты. Яғни, сіз жалақының өзгеруі жайлы жаңалық естуіңіз мүмкін немесе мүлік сатуыңыз/үйді жалға беруіңіз мүмкін.

Торпақ

Серігіңіз арқылы жаңа кіріс көзі пайда болуы мүмкін. Мысалы, күйеуіңіз жұмысқа тұрып, отбасы капиталы артады. Сондай-ақ ипотека немесе кредит алуыңыз мүмкін.

Арыстан

Қазанда үйді сатуға шығаруыңыз мүмкін, соның арқасында сізге қомақты ақша келеді. Немесе ата-анаңыз сізге үлкен қаржылық сыйлық жасауы мүмкін: мысалы, жерді, пәтерді немесе үйді сіздің атыңызға жазып береді. Сондай-ақ сіз тұратын жеріңізді жақсарту үшін ауқымды қаржылық жобаға бел буыңыз мүмкін. Мысалы, саяжайға, моншаға немесе пәтерге жөндеу жұмыстарын жасайсыз.

Суқұйғыш

Сізді жаңа мансаптық шың күтіп тұр немесе жаңа қоғамдық статустың себебінен қомақты қаражаттың иесі атанасыз. Статус мұрагерлікпен немесе қоғамдық-азаматтық атақпен байланысты болуы мүмкін.

Балықтар

Қазанның басында қаржылық секторыңызда айдың толған кезі болады: қомақты ақша алуыңыз мүмкін немесе ақша сіздің жаңа бизнес жобаңызбен байланысты болады. Сондай-ақ басшылықтан жалақыға қатысты жауап аласыз және қаржылық сұрақтарда нүкте қойылады.

Бикеш

Қазанда Торпақтағы айдың толған кезі сіздің отбасылық капитал секторында болады: күйеуіңіздің/әйеліңіздің кірісіне мән беріңіз. Кредит немесе ипотека жайлы шешім қабылданады. Бұрынғы кредитіңізді сәтті жабасыз.

А. Жапатова