Дәрігерлер түнде аяқ мұздауының күтпеген себебін атады

Дәрігерлер түнде аяқ мұздауының күтпеген себебін атады
Фото: ivanofrankivsk.oxford-med.com

Түнде бөлме жылы, көрпе ішінде жатсақ та аяқ жылымайтын кездер болады? Кейбіреулер өзін жылы және жайлы сезіну үшін жүннен жасалған шұлықпен ұйықтауға мәжбүр болады. Америкалық дәрігерлер мұның неліктен осылай болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Бұл жағымсыз симптомның ең көп тараған себептерінің бірі – В12 витаминінің тапшылығы. Өйткені, бұл жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті маңызды қоректік зат. Оның тапшылығы жүйке жүйесін қорғайтын миелин қабығын зақымдауы мүмкін. Бұл әсіресе түнде білінеді. Себебі ұйықтар кезде дене температурасы аздап төмендейді.

«Түнде температура төмендеген сайын жүйке жетіспеушілікке тез жауап береді. Аяқ мұздай бастайды. Ұйқы кезінде жүрек соғу жиілігі де бәсеңдейді, қан айналымы азаяды», - деп жазады Express АҚШ мамандарына сілтеме жасап.

В12 витамині тапшылығының басқа белгілері:

• ентігу;

• әлсіздік;

• тұрақты бас ауруы;

• бозарған тері;

• кардиопалмус;

• тәбеттің болмауы және салмақ жоғалту.

«В12 витаминінің негізгі қоры бауырда сақталады. Оның асқазан-ішек жолында темірдің сіңуіне қатысуы маңызды және оның жетіспеушілігі темір тапшылығы мен темір тапшылығы анемиясының дамуына ықпал етеді», - дейді маман.

Мұндай жағдайларда темір препараттарын қабылдау көмектеспейді – В12 тапшылығын толтыру керек. Оның жетіспеушілігі, фолий қышқылы сияқты, гипергомоцистеинемияға әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде тромбоэмболиялық асқынулардың қаупін тудырады.

Ағзадағы В12 витаминінің алмасуы өте баяу жүреді, сондықтан тапшылықтың алғашқы белгілері бірнеше жылдан кейін ғана пайда болуы мүмкін. Сондықтан, егер сіз аяғыңызда біртүрлі қышуды, қызуды, бас айналуды, ентігуді сезіне бастасаңыз, онда міндетті түрде дәрігерге жазылыңыз. Бұл В12 тапшылығы бар-жоғын анықтауға көмектеседі.

Т. Раушанұлы