Диетолог кімдерге жұмыртқа жеуге болмайтынын айтты
Фото: kubnews

Диетолог кімдерге жұмыртқа жеуге болмайтынын айтты

Көптеген адам күнделікті ас мәзірін жұмыртқасыз елестете алмайды. Көпшілік үшін жұмыртқа тез дайындалатын, тойымды тағам. Дегенмен, кейбір адамдарға бұл өнімнен бас тартқан дұрыс екен. Сонымен кімдерге жұмыртқа жеуге болмайтынын диетолог айтып берді.

Аллергия

Диетолог Александр Андреевтің айтуынша, жұмыртқаны жиі жегенде оның  сарысы аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

Дегенмен, кейде аллергияны жұмыртқаның ағы да тудырады. Аллергиялық ринит болса жұмыртқаны қуыру кезінде де әсер етеді.

Құрамында жұмыртқасы бар тағам өнімдерін тұтынған аллергиясы бар адамның реакциясы әртүрлі болады. Мысалы, іштің ауыруы, астма ұстамасы, экземаның нашарлауы, тыныс алудың қиындауы және анафилактикалық шок.

Асқазан-ішек жолдарының аурулары

Асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар жұмыртқаға мұқият болу керек, дейді диетолог Александра Разоренова. Бұл, әсіресе, гастритке қатысты.

Жұмыртқа ағзаға кері әсер ететінін оны жегенде мына белгілер арқылы білеміз:

• Іштің кебуі;

• дененің ауырлығы;

• кекіру;

• жүрек айнуы.

Егер осы белгілердің біреуі болса да, жұмыртқаны жегеннен кейін күшейсе, маманның көмегіне жүгінген дұрыс.

Сондай-ақ, өт қабының және ұйқы безінің аурулары бар науқастарға жұмыртқаны тұтынуды шектеу ұсынылады.

Бүйрек ауруы бар адамдар

Жұмыртқа ақуыздың құнды көзі. Ақуыз ؘ– денеміздің негізгі құрылыс материалы. Егер жұмыртқа ағын шектен тыс ішетін болсаңыз, диетолог Светлана Титоваоның бүйреке қаупі бар екенін ескертеді. Егер бүйрек бұрыннан ауырса, онда өте сақ болыңыз.

Себебі, ақуызды қорыту кезінде аммиак пайда болады. Бұл зат бүйрекке теріс әсер етеді.

 Атеросклероз

Жұмыртқа нақты холестерин көзі, сондықтан атеросклерозбен ауыратын адамдарға оларды жеуге болмайды деген пікір бар. Дегенмен, диетолог Альбина Комиссарова өзінің телеграм-каналында жоғары холестерин міндетті түрде жұмыртқаға қарсы көрсеткіш деп айтуға болмайды деді.

Сондықтан дәрігер қандағы холестерині жоғары адамдарға дені сау адамдар үшін қолайлы ережелерді сақтауды ұсынады: күніне 1-2 жұмыртқадан артық жемей, дұрыс тамақтанып және спортпен айналысу керек.

Сонымен қатар, қытай ғалымдары жұмыртқаны қалыпты тұтыну холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетінін айтты. Фувай ауруханасында академик Гу Дунфэн тобы жүргізген зерттеудің бір бөлігі ретінде еріктілерге күнделікті жұмыртқа берілді. Жұмыртқаны аптасына 6 реттен артық жегендерде, холестерин деңгейі шынымен көтерілген. Бірақ жұмыртқаны қалыпты мөлшерде (аптасына үш-алты рет) жеу ешқандай зиян тигізбеген.

Т. Раушанұлы