Көздің іскенін қалай 5 минутта басуға болады

Көздің іскенін қалай 5 минутта басуға болады
Фото: mysekret.ru

Кейде көп ұйықтасақ, қатып ұйықтасақ не ұйқымыз қанбаса, көздің асты ісіп кететіні бар. Ұйықтар алдында көп су ішіп қойсақ та, таңертең көзі ісіп оянуымыз мүмкін. Мұндайда не істейміз? Мамандар не дейді? Соған құлақ түрейік.

Көздің іскенін басудың жолдары көп әрі оңай дейді мамандар. Олардың айтуынша, 5 минутта-ақ кетіруге болатын көрінеді. Ол үшін мынандай амалдарды жасап көріңіз:

- Бір минуттай тұрып жүріңіз, секіріңіз;

- Бетіңізді суық сумен жуыңыз, ақырыңдап массаж жасауға да болады;

- Көздің астында суық компрессор басыңыз. Мақтаны салқын суға батырып, көздің астына бассаңыз да болады.

- Темір қасықты салқын суға малып, көздің астын басыңыз. Көзді суық нәрсемен басудың себебі мынада: бетке салқын нәрсе тиген кезде, қан айналымы ақырыңдап, салқын тиген жерге қан мен лимфа баяу келеді. Сол кезде ісік басылады.

- Жаттығу жасаңыз: 20 рет отырып-тұрыңыз, 20 рет секіріңіз, жеңіл гимнастика жасауға да болады.

Көзді асты неге ісіп кетеді, оның мынандай себептері бар:

- Ағзаның өзі іштегі су мен сұйықты ұстап қалуға тырысуынан: ауа-райының не гормон деңгейінің өзгеруіне байланысты болады;

- Адам тұзды тағам көп жесе де көзі ісіп кетуі мүмкін;

- Ұйқы қанбау;

- Аллергия немесе дерматит;

- Ішімдік ішу;

- Темекі шегу.

Қ. Слямбек