Интуициясы күшті 3 жұлдыз белгісі

Интуициясы күшті 3 жұлдыз белгісі
Фото: ru.freepik.com

Астрологтар әр жұлдыз белгісі өзеріне тән ерекше қабілеттерге ие екенін айтады. Бұл жұлдыз белгісінің өкілдері өздерінің табиғи интуициясын дамыту арқылы тағдырдың соққысынан қаша алады.

1. Балықтар

Балықтардан ештеңе жасыра алмайсыз, тіпті, олар сіз өзіңізден де жасыратын нәрсені біліп алады. Бастысы, балықтар қызғаншақ емес және олар тыңдағысы келген адаммен өз ойларымен бөліседі. Балықтарды тағдырдың өзі қажет жаққа бағыттап тұрғандай әсер болады. Осы қабілеттерінің арқасында еркек-Балықтар жаңа пайдалы таныстарды оңай жолықтырады және өмірді өте терең түсінеді.

2. Сарышаян

Сарышаяндардың ішіне өтірік детекторы орнатылған секілді. Сондай-ақ Сарышаяндардың интуициясы жақсы дамыған. Олардан «мен жай солай екенін білемін» дегенді жиі естуге болады. Сарышаян-әйел бірінші кездесуден-ақ ол адаммен болашағы бар не жоғын біледі. Ол басқаның айтатын сөздері мен істейтін әрекеттерін алдын ала біліп тұрады. Еркек-Сарышаяндар да жағдайдың қалай өзгерерін болжап тұрады. Кейде Сарышаяндар қалжыңдап бірдеңе айта салса, сол біраздан соң орындалады. Сондықтан Сарышаян-достарыңыздың айтқандарына құлақ асып жүріңіз.

3. Шаян

Шаяндар — туа біткен интуиттер. Шаяндар басқалардың жанын өте жақсы түсінеді және сезеді. Сондықтан олар зейінді және ықыласты әңгімелесуші саналады. Шаян-әйелдер үнемі қайғылы достарын немесе таныстарын жұбатуға және тыңдауға, тіпті, рационалды кеңес беруге дайын.

Интуицияны дамыту жолдарын мына жерден оқи аласыздар.

А. Жапатова