Бүйректі «өлтіретін» 5 тағам

Денсаулық үшін бүйректің қызметі өте маңызды. Өйткені олар ағзадан қалдықтарды, артық сұйықтықты шығаруға, гормондарды өндіруге және токсиндерді сүзуге жауап береді. Белгілі бір заттардың қанға жүйелі түрде түсуіне байланысты, бүйрек уақыт өте келе артық жүктемеден «шаршайды», бұл денсаулыққа әсер етеді.

Темекі шегу мен алкогольді тұтынудың өзі бүйректің жауы, бірақ олардың жұмысына кері әсер ететін тағы бес тағам бар. Бұл туралы En Son Haber жазды.

Мамандардың айтуынша, ең алдымен тұзды тұтынуды азайту маңызды. Сонымен қатар, қызыл ет пен сүтті тұтынуды барынша азайту керек. Бесінші тағам бүйректе «стресс» тудыруы мүмкін құрамында фосфоры бар тағамдар.

Сонымен қатар, апельсин мен банан құрамында калийдің көп мөлшеріне байланысты бүйрекке зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер бұл жемістерді көп жеуге кеңес бермейді.