Ыстықтан кондиционерсіз қалай қорғануға болады?

Ыстықтан кондиционерсіз қалай қорғануға болады?
Фото: psychologies

Адамға қалыпты ұйықтау үшін ауа температурасы +16-дан +19 градусқа дейін болуы керек. Бұл мелатонин өндіру үшін қажет, ол барлық тірі ағзалардың тәуліктік ырғағының реттеушісі болып табылатын гормон.

Бірақ жаздың аптап ыстығында үй тым ысып кетеді. Оны кондиционермен суытуға болады. Бірақ бұл құрылғы кез келгеннің үйінде бола бермейді әрі кондиционердің денсаулыққа зияны да бар. Сондықтан бөлмені салқындатуға көмектесетін кейбір әдістерді ұсынамыз.

Қалың перделер ыстықтан сақтайды

Жаздың аптап ыстығында ең алдымен терезеге қалың перделерді іліп, күндіз жабу керек. Олардың арқасында күн сәулелері бөлмені көп қыздырмайды. Олардың зығыр немесе мақта сияқты табиғи материалдардан жасалғанына көз жеткізу өте маңызды. Синтетикалық перделерді қыста ілген дұрыс, өйткені мұндай материал күндіз өте қызады, ал түнде жиналған жылуды бөлмеге шығарады.

Бөлмелерді дұрыс желдетіңіз

Терезелерді күні бойы ашық ұстау – үлкен қателік. Өйткені, жаздың аптап ыстығында көшеде салқын болмайды, бөлмеге тек жылы ауа енеді. Таңертең ерте, шамамен сағат 8:00-ге дейін терезелерді ашқан дұрыс. Кешке сегізден кейін, бөлмені желдетуге болады.

Төсек-орынды дұрыс таңдау маңызды

Перделер сияқты, төсек-орын да табиғи материалдардан жасалған болуы керек. Мақта мен зығырдан жасалған болса жақсы – бұл материалдар салқындықты сақтайды және ылғалды жақсы сіңіреді. Ал синтетикалық төсек-орыннан аулақ болыңыз. Өйткені, жасанды материалдар біздің денеміздің тыныс алуына мүмкіндік бермейді, ылғалды нашар сіңіреді және кір жинайды.

Жазда ұйқыны жақсартуға арналған басқа кеңестер

Жоғарыда аталған барлық тармақтардан басқа, жазғы ыстықта ұйқыны жақсартуға көмектесетін тағы бірнеше амал бар:

· ұйықтар алдында теріні алоэ вера гелімен ылғалдандыруға болады;

· төсек жанына ауа ылғалдандырғыш құрылғыны қоюға болады;

· кешке суға түсуге болады, бірақ суық емес, Себебі, дене температурасы өзгергенде ағза жылуды сақтай бастайды;

· бөлмедегі барлық қажет емес жабдықты өшірген дұрыс, өйткені кабельдер де жылу шығарады;

· кереуеттерден бас тартып, еденде ұйықтауға тырысқан дұрыс.

Т. Раушанұлы