Шоппинг алдында мына сусынды ішпеңіз!

Шоппинг алдында мына сусынды ішпеңіз!
Фото: Брюс Марс, Unsplash.com

Кофеин мидағы дофаминді босатады. Ал ол албырттықты арттырады және өзін-өзі бақылауды төмендетеді. Шоппинг алдында немесе шоппинг кезінде кофе ішу ойламаған жерден артық шығындалуға ықпал етеді. Ол Оңтүстік Флорида университеті жүргізген зерттеу арқылы дәлелденді.

Зерттеушілер тобы бөлшектеп сату дүкендерінде тәжірибе жүргізу үшін олардың қасынан кофеханалар ашты. Жұмыс барысында ғалымдар дүкенге кірерде құрамында кофеині бар тегін 1 стақан кофе ішкен сатып алушылар кофеині жоқ кофе немесе су ішкен адамдарға қарағанда шамамен 50% артық ақша жұмсағанын және 30% көбірек тауар алғанын байқаған.

«Кофеин күшті ынталандырғыш ретінде мидағы дофаминді босатып жібереді. Ол ақыл-ой мен денені қоздырады және албырттықты арттырады», — деп қорытындылады Оңтүстік Флорида университетінің профессоры Франк Харви. Нәтижелер ScienceDaily журналында жарияланды.

Бұл сатып алынған тауарларға да әсер еткен. Кофеин мөлшерін алған адамдар импульсивті сатып алуға бейім болған. Мысалы, олар көбіне шамдар, массаж жасайтын құралдар және косметика алған. Ал кофе ішпегендер алдын ала жоспарлаған заттарына мән берген.

Бұл нәтижелер онлайн-шоппинг шартындағы нәтижелерге ұқсас болып шыққан. Ендеше, егер күтпеген жерден аса қажет емес заттар алғыңыз келмесе, сауда орталықтарындағы кофеханаларды айналып өтіңіз немесе сауда жасап болғасын ғана кофе ішіңіз. Ал егер үйден сауда жасасаңыз, компьютер немесе смартфон қарап отырып, кофе емес, басқа сусын ішкеніңіз жөн.

А. Жапатова