Салық есебін толтырғанда кәсіпкерлер қандай қателіктерге жиі жол береді?

Салық есебін толтырғанда кәсіпкерлер қандай қателіктерге жиі жол береді?
Фото: Depositphotos.com

Камералдық бақылау дегеніміз не, салық есептілігін толтырғанда салық төлеушілердің қандай қателіктерге жиі жол берілетіні туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды.

Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау болып саналады.

Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. Алайда декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі, соның салдарынан камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге келесі сипаттағы қателер жатады.

- Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:

- шетел валюталарының кодтарын қате көрсету;

- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың дұрыс көрсетілмеуі;

- тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші мен сатып алушының санаты (экспедитор, лизинг беруші және басқа да санаттар) көрсетілмейді.

Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:

- декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер;

- нөлдік немесе бос декларацияларды толтыру және жіберу;

- бірдей декларациялардың қайталап жіберу;

- өткен жылдардағы декларациялардан деректерді дұрыс көшірмеу (тауарлардың қалдықтары, шығындар, топтардың (кіші топтардың) құндық балансы).

Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:

- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде бақылау-кассалық чектердің басылмауы;

- чектерді қате сомалармен басу;

- чектер бойынша қайтарымдарды ресімдемеу.

Осылайша, салық төлеушілердің мекенжайына жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге өздерінің салық міндеттемелерін декларациялау кезінде мұқият болуға кеңес береді.

Н. Үсенова