Неліктен мандариндер қызыл торда сатылады?

Неліктен мандариндер қызыл торда сатылады?
Фото: istockphoto.com

Дүкендерде мандариндерді буып-түйіп жинаса, оларды тек қызыл торға салатынын байқадыңыз ба? Бұл адамдардың мандаринді көбірек алуы үшін қолданылатын маркетингтік әдістерінің бірі.

Қызыл торда мандариндер қанық қызғылт сары болып көрінеді екен. Яғни, олар тәбетті ашады әрі тартымды бола түседі. Сондай-ақ, қызыл торда олардың тауарлық түрі де жақсы көрінеді. Бұл ереже тек мандариндерге қатысты емес, сонымен қатар апельсиндер мен грейпфруттарға да солай әсер етеді.

Лимонның сары түсін күшейту үшін оны, әдетте, сары және жасыл торға салады екен.

А. Жапатова