Электр қуатын үнемдеуге көмектесетін 6 кеңес

Электр қуатын үнемдеуге көмектесетін 6 кеңес
Фото: crello.com

Электр қуатын үнемдеу үшін үйіңіздегі техникаларға күтім жасау қажет және кей әдеттерді өзгерту керек. Электр қуатын үнемдеп қолдануға көмектесетін 6 кеңес ұсынамыз.

1. Құралдарды қолданбасаңыз, оларды суырып тастаңыз
Құралдар қосылып тұрмаса да, энергия тұтына беруі мүмкін. Мысалы, теледидар мен компьютерлер тоққа қосылып тұрса, энергия тұтына береді. Кейде үйден таңертең шығып кеткеннен, кешке бір келесіз. Тіпті, үйде жүрсеңіз де, теледидар қарамауыңыз мүмкін. Мұндай кездерде құралдарды тоқтан суырып тастасаңыз, қолданылатын электр қуатын 10%-ға дейін үнемдеуге болады.                                     

Сондай-ақ ұялы телефонды қуат алу үшін түнге қалдырмаңыз. Оның қуатталуына шамамен 2 сағат жеткілікті, ал қалған уақытта ол электр қуатын тиімсіз пайдаланады. Оған қоса, бұлай түні бойы қуаттау телефонға да зиян, себебі уақыт өте оның қуаты жылдам таусылып қала береді.

Егер әр кез көптеген техникаларды розеткадан суыру ыңғайсыз болса, сөндіретін батырмасы бар жалғастырғыш тетік пайдаланыңыз.

2. Жарық диодты жарықтандыруға ауысыңыз
Жарық диодтыға қарағанда қызатын және энегрия үнемдегіш лампалар электр қуатын көбірек тұтынады. Жарық диодты лампаларға таңдау көп. Олар көптеген жарық құралдарына келеді. Оған қоса, олар ұзағырақ қызмет етеді.

Сондай-ақ толықтай жарық диодты жарықтандырылған құралдар бар. Оларға лампа қондырудың қажеті жоқ, жарық диодты лампалар жарықшамның корпусына бекітілген. Мұндай құралдар электр қуатын екі есе аз тұтынады.

3. Тұрмыстық техниканы сатып аларда оның үнемдеуші класын таңдаңыз
Тұрмыстық техника қанша энергия тұтынатынына қарай бөлінеді. Тұрмыстық техниканы, соның ішінде үздіксіз жұмыс істеп тұратын тоңазытқышты аларда «А» («А+», «А++») маркерінің болуына мән беру керек. Ол электр қуатын үнемдеуге тиімді. Бұл ақпаратты құрылғының нұсқаулығынан көруге болады.

4. Кондиционер фильтрін және электрлік шәйнекті айына бір рет тазартып тұрыңыз
Кондиционер фильтрін ай сайын тазартып тұру бөлмеңізді аз энергия шығынымен салқындатуға көмектеседі. Сондай-ақ айына бір рет электрілік шәйнекті қақтан тазарту керек. Қақ жылдам қызуға кедергі болады, соның себебінен қайнау уақыты мен электр қуаты шығыны артады.

5. Жарықты барынша кеш қосыңыз
Жарықты қараңғы түскенде ғана қосу үшін күннің жарығын тиімді пайдалану керек. Ол үшін кей ұсақ-түйектерге мән беру керек. Мысалы, терезені жиі сүртіп алыңыз және кешкісін тюльді ашыңыз.

Күндізгі жарықты тиімді пайдаланудың тағы бір әдісі — интерьерге ақ немесе ақшыл сарғыш түсқағаздар қолдану. Мұндай реңктер жарықты жақсы шағылыстырады.

6. Тоңазытқышты дұрыс жерге қойыңыз
Тоңазытқыштарды батареялардың және басқа да жылыту құраладарының, плитаның қасына орналастыруға болмайды. Сондай-ақ тоңазытқыш тұрған жер жақсы желдетілуі керек. Егер бұл ережелер орындалмаса, құрылғы қажеттіден де жиі қосылып, электр қуатын көбірек тұтынады. Тоңазытқышқа ыстық кәстрөлдер салуға және есігін ұзақ ашып тұруға болмайды. Әйтпесе, қолайлы температураны ұстап тұруға оған көбірек уақыт кетеді.

А. Жапатова