"10–3–2–1" формуласы. Ұйқыға дейін нені тыю керек?

Фитнес жаттықтырушы Крейг Баллантайн (Craig Ballantyne) ұйқы сергек болуы үшін бірнеше затты тыю керек дейді. Сондықтан "10–3–2–1" формуласын жасап шыққан.

Оның мәні мынадай:

• ұйқыға 10 сағат қалғанда кофе ішпеу керек;

• 3 сағат қалғанда тамақ ішпеу керек;

• 2 сағат қалғанда жұмыс істемеу керек;

• 1 сағат қалғанда экранға қарамау керек.

Осы қағиданы сақтаған адамның ұйқысы қанып, сергек ұйықтап, таңертең оңай оянады дейді Баллантайн. Ол мұны өз тәжірибесіне сүйеніп жасаған. Оның қарамағында жаттығып жүргендер осы қағиданы сақтаған соң, ұйқы режимін қалыптастырып, күндіз өзін ширақ сезінген.