Пойыз билеттері қалай қайтарылады?

Пойыз билеттері қалай қайтарылады?
Фото: zakon.kz

Пойызға алдын ала билет алып қойған дұрыс-ақ. Уақыт жақындаған сайын билет те азая түседі. Бірақ аяқ астынан жоспарың өзгерсе ше? Онда не істемек керек? Әрине билетті кері қайтарамыз. Ал осы кері қайтарар алдында нені ескеруіміз керек?

- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешікпей қайтарылса, жол жүру құны толық төленеді;

- пойыздың жөнелтілуіне 24 сағаттан аз уақыт қалғанда, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан кешікпей қайтарылса, билет құны және плацкарт құнының 50% төленеді;

- пойыздың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан аспай қайтарылса, билет құны төленіп, плацкарттың барлық құны ұстап қалынады, бірақ ол жол жүру құнының 30%-нан аспауы тиіс.

Пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өткен соң жол жүру құжаттары (билеттер) да, ақша қаражаты да қайтарылмайды.

Билеттің ақшасы билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қайтарылады.

Осы орайда атап айтарымыз, төтенше жағдай режимі кезінде коронавирус пандемиясына байланысты темір жол билеттерінің ақшасын ұстап қалмай, айыппұлсыз толық көлемде қайтару туралы шешім қабылданған. Көрсетілген кезеңде (16.03.2020ж. – 11.05.2020ж.) сатып алынған темір жол билеттерін жолаушы 6 ай ішінде қайтара алады.

Жол жүру құжаттарын (билеттер) өтініш беру тәртібімен және тиісті ақша қаражатын қайтару тәртібі

Билет сатып алу каналы

Билетті қайтару тәсілі

Ақша қаражатын алу

мерзімі

bilet.railways.kz сайты

Сайтта

Пойыз құрастыру стансасынан жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына

Билет кассасында

Құрастыру стансасынан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына

Құрастыру стансасынан пойыздың жөнелтілуіне дейін

1 сағаттан аз қалғанда

Жолаушының өтініш беру тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

Өзге сайттар

Сайтта

Құрастыру стансасынан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына

Билет кассасында

Құрастыру стансасынан пойыз жөнелтілгенге дейін

1 сағаттан кешіктірмей

Билет кассасынан берілген орынның қайтарылғаны туралы түбіртекті жолаушыдан алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына  

Құрастыру стансасынан пойыздың жөнелтілуіне дейін

1 сағаттан аз

Жолаушының өтініші бойынша кінә қою тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

Билет кассалары

(қолма-қол есеп айырысу)

Билет кассасында

Құрастыру стансасынан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

Жолаушының қолына билет кассасында  

Құрастыру стансасынан пойыздың жөнелтілуіне дейін

1 сағаттан аз

Жолаушының өтініш беру тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

Билет кассалары

(қолма-қол ақшасыз есеп айырысу)

Билет кассасында

Қайтару мерзіміне

байланысты емес

Жолаушының өтініш беру тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

«Қазпошта» АҚ

«Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесі

Н. Үсенова