Видеоконференцияның қандай этикеті бар?

Видеоконференцияның қандай этикеті бар?

Кейінгі уақытта видеоконференция форматының дамуына байланысты оның да өз этикеті қалыптасты. Бұл – классикалық этикет сияқты қарым-қатынас жасаудың маңызды бөлігі. Назарыңызға коммуникация маманы Юлия Андреева дайындаған видеоконференция ережесін ұсынамыз.

1. Техникалық баптаулар мен байланысты алдын ала тексеріп алыңыз

Бұл видеоконференция кезінде бәріне дайын болу үшін керек. Дәл байланыс кезінде баптау шұқып отырмас үшін, алдын ала жөндеп алу керек.

2. Ноутбук немесе смартфонның қуатын толтырып қойыңыз

Бұл байланыс күтпеген жерден үзіліп кетпеуі үшін керек.

3. Видеоконференцияға жұмсайтын уақытты ескертіңіз

Онлайн байланысқа шықпас бұрын қатысушыларға қанша уақыт берілгенін және видеоконференция қанша уақытқа созылатынын ескерткен жөн. 

4. Видео немесе дыбысты жазып алып жатқаныңызды ескертіңіз

Видеоконференцияның видеоға немесе диктофонға жазбас бұрын, ол туралы және жазып алғандағы мақсатыңызды қатысушыларға ескерткен дұрыс. Себебі жазбаға қарсы қатысушылар болуы мүмкін.

5. Кешікпеңіз, кешіксеңіз, ескертіңіз

Өзіңізді күттіріп қоюдан аулақ болыңыз. Өзгенің уақытына құрметпен қарау керек.

6. Кездесу модераторын тағайындаңыз

Видеоконференцияда бір жүргізуші болуы керек. Ол конференция регламентін және өзге процесті қадағалап отырады.

7. Байланысқа шығатын орныңызды алдын ала дайындап алыңыз

Бұл да аса маңызды нәрсе, әйтпесе мына видеодағыдай жағдайға тап болуыңыз мүмкін

9. Сұрақ қойып, дұрыс тыңдай біліңіз

Дұрыс қойылған сұрақ пен тыңдай білу – конференцияның сәтті өтуіне кепіл.

10. Сабыр сақтаңыз

Егер байланыс кезінде қатысушылар бір-бірімен келіспей, қарама-қайшы пікір айтып жатса, модератор мен өзге қатысушылар оларды сабырға шақырып, конференциядан кейін сөйлесуін ескертуі керек.

11. Қорытынды жасаңыз

Егер видеоконференция ұйымдастырушысы немес модераторы болсаңыз, кездесу қорытындысын жасап, нақты дедлайн мен тапсырмаларды қайталап шығыңыз.

12. Барлығы бір-бірімен таныс болсын

Конференцияда бірін-бірі танымайтындар болуы мүмкін. Сондықтан әрқайсын таныстырып шығып, конференцияға қатысып жатқан мақсатын айтып беріңіз.

13. Сөйлемейтін сәттерде микрофонды өшіріңіз

Микрофон қосулы тұрғанда артық дыбыс сөйлеп отырған қатысушыларға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан тек өзіңіз сөйлейтін кезде микрофон қосыңыз.

14. Регламент сақтаңыз

Сөзіңізді алдын ала ескертілген регламентке сай есептеңіз.