Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Бас тарту керек таңғы әдеттер

Бас тарту керек таңғы әдеттер

Бас тарту керек таңғы әдеттер

Таң – тәуліктің ең маңызды бөлігі. Әдетте, таң қалай басталса, күніңіз де солай өтеді. Әрқашан таңды дұрыс бастау үшін бірнеше кең тараған әдеттерден бас тартқан жөн. Ендеше, қандай таңғы әрекеттер күніңіздің позитивті және өнімді өтуіне кедергі келтіреді.

1. Душтан бас тарту
Таңертең душ қабылдаудың денсаулыққа пайдалы екені бұрыннан белгілі. Ол арқылы күні бойына жететін күш пен энергия жинайсыз және теріні ылғалдандырасыз. Сондай-ақ таңертеңгі душ зат алмасу процестерін іске қосады және иммунитетті нығайтады. Бірақ мұндай жақсы нәтижелер орын алу үшін душ контрастты немесе салқын болуы керек. Ал ыстық душ, керісінше, ұйқы шақырады және теріні құрғатады. Контрастты душты жылы судан бастау ұсынылады. Содан соң 15 секунд суық су, одан кейін жылы су және ары қарай осы ретпен жалғасады.

2. Аш қарынға кофе ішу және темекі тарту
Кофе ішу мен темекі тарту тәулік уақытына қарамастан зиянды әдеттерге жататынын білеміз. Бірақ оларды аш қарынға ішу ағзаға одан да бетер зиянын тигізеді. Ол асқазан жарасы, қандағы холестерин деңгейінің артуы және жүрек-қан тамырлар ауруларына тіке жол ашады. Егер кофе ішкенді ұнатсаңыз, оны таңғы ас пен түскі ас арасында ішіңіз. Ал таңертең аш қарынға жылы суға лимон немесе бал салып ішкен дұрыс.

Аш қарынға су ішудің 9 пайдасы

3. Таңғы ас ішпеу
Кей адамдар таңғы ас ішпестен жұмысқа шығып кетеді. Олардың көбі таңертең ас ішуге тәбетінің болмайтынын айтады. Әрине, егер өте тойымды кешкі ас ішсеңіз, таңғы ас ішуге тәбет болмайды. Сондықтан ұйықтауға 3 сағат қалғанда кешкі ас ішіп алған жөн. Сол кезде таңертең қарныңыз ашып тұрады. Таңғы ас күндізгі рационның негізі болып саналады. Ол энергия сыйлайды және жұмысқа қабілеттілікті арттырады.

4. Тәтті таңғы ас ішу
Тосап жағылған құймақтар немесе тоқаштар – дәмді тамақ. Бірақ олар дұрыс таңғы асқа жатпайды. Кез келген пісірмелер мен тәттілер баяу көмірсулардың көп мөлшерінен тұрады. Олар қандағы глюкоза мөлшерін бірден көтеріп жіберуі мүмкін. Сол үшін адам жылдам тойған секілді болады да, көп уақыт өтпей қайтадан қарны ашып, тағы да тәтті бірдеңе жегісі келеді. Бұлай тамақтану асқазан-ішек жолдарының ауруларына әкеледі. Таңғы асқа суға піскен жұмыртқа, омлет, тауық етін, балық, ботқа және көкөністер жеу ұсынылады.

5. Ауыр физикалық жүктеме көтеру
Аш қарынға ауыр физикалық жүктеме жасау дұрыс емес. Ал 15-минуттық жеңіл гимнастика ағзаға тек пайдасын тигізеді. Ол қуат береді, қан тамырларды қатайтады, зат алмасуды жылдамдатады және күйзелісті азайтады.

6. Таңғы жаңалықтарды тыңдау
Көпшілік барлық жағдайдан хабардар болуы үшін ұйқыдан тұра сала интернеттен жаңалықтар оқиды немесе оны теледидардан тыңдайды. Алайда жаңалықтар көбіне позитивті бола бермейді. Ал сізді алда ұзақ жұмыс күні күтіп тұр. Егер жұмысыңыз жаңалықтармен тікелей қатысты болмаса, бұл әдеттен арылған жөн. Жаңалықтарды күндіз де қарап үлгересіз.

7. Әлеуметтік желілердегі хаттарды тексеру
Әлеуметтік желілерге тәуелділік – заманауи әлемнің тенденциясы. Адамдардың көпшілігі ұйқыдан тұра сала гаджеттерін ұстайды да, әлеуметтік желілердегі хаттарды тексереді. Бұл зиянды әдет өзіңізді күні бойы нашар сезінуіңізге әбден себепші болуы мүмкін. Уақытты лента қарауға жұмсағанша оның орнына жеңіл гимнастика жасауға, жағымды ән тыңдауға немесе отбасы мүшелерімен сөйлесуге арнаған жөн.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 09 сәуір, 08:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->