Сауда әлемінде сауатты болыңыз

Сауда әлемінде сауатты болыңыз
Фото: pixabay.ru

Қазір сауда әлеміне күн сайын бір жаңалық енеді. Заман талабына қатысты көштен қалмай, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін өзіңізді, біліміңізді әрдайым дамытып отыру керек.

Өзіңізді тұтынушының орнына қойып көріңіз. Кейде сатушының достық кеңесін айтып, қай тауарды таңдауға көмектескенін қалаймыз, ал кейде өзіміз ішкі түйсігімізге сеніп, ойланып шешім қабылдау үшін сатушы жай ғана үндемегенін тілейміз. Алдыңызға сауда жасауға келген адам не қалайтынын білу үшін сатушыға білімділік, сезгіштік, тәжірибе және шынайы көмектескісі келетін ниеті керек.

Бағаны қайта-қайта түсіре беру – кедейлікке тап қылатын бірден бір жол. Бұл тұтынушыларды тартудың ең тиімсіз жолы. Керісінше, клиенттерге қызықты шаралар ұйымдастырған дұрыс. Қазір барлық сауда орны әлеуметтік желіге қосылған. Сол жерде түрлі байқаулар, ұтыстар ойнатыңыз. Мерекелерді жіберіп алмай, тұтынушыларыңызды да қуантуға асығыңыз. Менеджерлеріңіздің сауаттылығына мән беріңіз, тауарлармен, тұтынушылармен дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз. Байқаулар жүргізген кезде ұйымдастырушылар міндетті түрде көтеріңкі көңіл күйде жүруіне мән беріңіз. 

Сауда орныңыздың таныстар базасы болуы керек. Оған жеке таныстарыңыз, достарыңыз, туыстарыңыз да кіреді. Бұл адамдар тұрақты тұтынушы қызметінде болатыны айтпаса да түсінікті. Бұл тізімге дүкенге кірген кез келген адамды қоса алытыныңызды ескеріңіз, оған жақсы қызмет көрсетіп, көңілінен шықсаңыз, міндетті түрде екінші рет, үшінші рет келеді.

Әйелдерді іздеңіз. Ер адамдарға қарағанда әйел адамдар жақсы тұтынушы. Шаруашылық заттары, балалардың киім-кешегі, ойыншықтары, тәттілері, кітаптары, денсаулыққа, сұлулыққа қажетті заттары – осылардың барлығын жай ғана сатып алудан әйел заты ләззат алады. Оларға тек дұрыс көңіл бөлсеңіз болды, сіздің тұрақты тұтынушыңызғы айналды дей беріңіз.

@. @assel_assanova