Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Орхидея гүлі туралы аңыздар

Орхидея гүлі туралы аңыздар

Орхидея гүлі туралы аңыздар

Бұл әдемі әрі жұмбақ гүл жайлы аңыздардың көптігіне таңғалмай-ақ қоюға болады. Орхидея гүлі жайлы аңыздар – біреулердің болжамы. Бірақ адамзат кереметтің барлығын аңыздармен қоршаған.

Орхидеяның пайда болуы туралы аңыз

Орхидея гүлінің әдемілігіне таңданған маори тайпалары оның пайда болуы тылсым күшпен байланысты екеніне сенген. Жердің жалғыз мекендеушілері өлмес аруақтар болған уақытта ғаламшардан тек тау шыңдары көрініп тұратын. Тау шыңындағы қар күннің әсерінен еріп, әдемі сарқырамалар пайда болады. Олар теңіздер мен мұхиттарға құйылатын. Содан соң судың буға айналуынан бұлттар түзіледі. Бұл бұлттар күннің жерге сәулесін шашуға кедергі келтіріп, қабат түзеді. Біркүні қатты нөсер құяды. Оның мақсаты күнге бұлттарды тесіп өтуге көмектесу болатын. Жаңбырдан соң үлкен әдемі кемпірқосақ пайда болады. Мұндай ерекше құбылысқа таңғалған аруақтар түрлі түсті көпірден орын алуға тырысып, бір-бірін итеріп, бәрі тізіліп отырады және ән салады. Кемпірқосақ мұндай үлкен салмақты ұзақ көтере алмай, қисайып, сынып кетеді. Сол сәтте жерге түрлі түсті ұшқындардан тұратын жаңбыр саулап ағады. Осындай көрсе көз тоймайтын ғажайып құбылыстың соңы әдемі гүлдерге айналады. Осылайша, орхидея тұқымдастары пайда болып, көбейе бастайды.

Ақ орхидея туралы аңыз

Ертеде Жуан есімді жас жігітке патшадан бұйрық келеді. Ол сарайды безендіруге Оңтүстік Америка ормандарын шарлап, орхидеяның аса көркем экзотикалық түрін тауып әкелуге міндетті болады. Осылайша Жуан ұзақ әрі қауіпті сапарға аттанады. Арада біраз уақыт өткенде әбден шаршап-шалдыққан жігіт бір ауылға жетіп жығылады. Ауыл тұрғындары оны кішкентай шіркеуге паналатып, қолдарынан келгенше қамқорлық жасайды. Жуан оянғанда шіркеу төбесіндегі крестте өсіп тұрған ақ орхидеяны көріп таңғалады. Ол пірадардан гүлді бұған беруін өтінеді. Бірақ дегеніне жете алмайды. Пірадар болса жас жігіт өтінішін не себепті орындай алмайтынын былай түсіндіреді: қуаңшылық кезінде ауыл тұрғындары Тәңірге деген сенімін жоғалта бастайды. Дін қызметшісі тұрғындардың пұтқа табынушылығын қайтару үшін олар храмға ең құнды затын алып келсе, жаңбыр жауатынын айтады. Ауыл адамдары пұтқа табынушылар алтарінен алынған керемет орхидея алып келіп, шіркеу крестіне бекітіп қояды. Содан кейін бірден жаңбыр жауады. Жауын тоқтаған кезде ауыл тұрғындары орхидея күлтесіндегі барлық бояуды жаңбыр жуып тастағынын және оның енді аппақ гүлге айналғанын байқаған.

Өрмекші-орхидеяның пайда болуы жайлы аңыз

Орхидеялардың ерекшелігі соншалық қазірдің өзінде олардың кейбірінен айдаһардың немесе басқа да фантастикалық жаратылыстардың бейнесін байқауға болады. Кей тропикалық орхидея гүлдері өрмекшілерге ұқсайды. Оған байланысты мынадай аңыз бар:

Лидияда тұратын Арахна есімді қарапайым қыз өте шебер болған. Иіруден және тоқымашылықтан оған ешкім тең келмеген. Оның шеберлігінен құдайлар да аса алмайтындығын айтып, тәкаппар Арахна Афинаны сайысқа шақырады. Құдай-әйел Афина тоқыған кілем керемет шығады. Бірақ Арахна да бәсекелестіктен қорыққан жоқ. Ол өз кілеміне Зевс ұнататын бейнелер салады. Ашуланған Афина қызды шапалақпен тартып жіберіп, оның текеметінің парша-паршасын шығарады. Арахна қайғыдан асылып өледі. Афина өз кінәсін сезініп, оған жаңа өмір сыйлайды: ол Арахнаны өрмекшіге айналдырады. Барлық өрмекшілер "анасының" аңыздық бейнесін орхидея гүлдерінен көруге болады деген аңыз тараған. Мысалы: әуе гүлі арахнис (Arachnis flos-aeris) және өрмекші тәрізді аэрантес (Aeranthes arachnithes).

"Әуе қызының" пайда болуы туралы аңыз

Бұл өсімдікке мұндай әдемі атауды Амазонка үндістері берген. Олардың сенімі бойынша, бір кездері жерде құдайлар өмір сүрген. Олардың арасынан Орхидея есімді құдай-әйел өзінің әдемілігімен ерекшеленген.

Адалдық пен қуаныш құдайы әйелінен туған Орхидея жерден тек нәзіктік көрген. Кей құдайлар оның жамандықты көре алмайтын қасиетіне таңқалған. Орхидеяға даналық жетіспейді деп санаған. Бұл құдайлар арасында жанжал тудырып, олар екі топқа бөлінеді. Осылайша жас Орхидея өміріне қауіп төнеді.

Барлық өнердің қамқоршысы Арчи есімді құдай Орхидеяның мейірімділігі туралы естіп, оған ғашық болады. Олар бір-бірін көрмесе де, Орхидея Арчидің жүрегін жаулап алады. Бірақ олардың өмірді қабылдауы бір-біріне ұқсамайтын, себебі өнер көлеңкесіз болуы мүмкін емес. Орхидея жаратылыстың бұл қырынан хабарсыз болғандықтан, Арчи шеберлігін жоғалта бастайды. Арчидің сезімі туралы естіген Орхидея онымен кездескісі келеді, бірақ өз өмірі талқыға түсіп жатқанда бұл мүмкін емес еді. Сол кезде өнер құдайы қызды ұрлап кетіп, сол үшін қатаң жазаланады. Арчи елден қуылады. Мұны естіген Орхидея сүйіктісін мәңгілік іздеу үшін көзін жұмып, орман гүліне айналады.

Егер жақыныңыз сізге орхидея гүлін сыйласа, оны күту жолдарын мына жерден оқыңыз.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 19 қараша, 12:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.