Таңғы 8-ге дейін бітіретін 8 шаруа

Таңғы 8-ге дейін бітіретін 8 шаруа

Адамның таңертеңгі белсенділігі алдағы күнге әсер етеді. Назарыңызға кәсіпкер Бенджамин Хардидің әр адам таңғы 8-ге дейін істеп үлгеруі тиіс 8 шаруасын ұсынамыз. 

1. Таңға кешкісін дайындалыңыз

Адамды қажытып жіберетін, стресске душар ететін істен аулақ болыңыз. Әйтпегенде кортизол гормоны бөлініп, ұйқы қашады. Оның орнына адамды сергітетін іспен айналысып, қарапайым ережелерді сақтаңыз:

– ұйқыға бір сағат қалғанда смартфон қолданбаңыз;
– телефонды авиарежимге қойыңыз;
– жұмысты ойламауға тырысыңыз;
– жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз;
– жайлы ұйқыға қамданыңыз.

2. 7 сағаттан кем ұйықтамаңыз

"Өзіңізге смартфон сияқты қараңыз: қуатыңыз толмайынша ұйықтап алыңыз", – деп кеңес береді The Huffington Post басылымының негізін қалаушы Арианна Хаффингтон.

Біздің ұйқымыз қанып жүрсе, есте сақтау қабілетіміз жақсара түседі, стресс пен депрессияға төзімді боламыз және өміріміз ұзара түседі.

3. Таңертең өзіңізге уәде берген уақытта тұрыңыз

Америкалық ойшыл Ральф Уолдо Эмерсон айтқандай, өзіңізге сенім арту – жетістіктің кілті. Ал сенім өзіңізге уәде беріп, соны орындағанда ғана нығая түседі.

Белгіленген уақытта тұру-тұрмау деген таңертеңгі уәде күннің сәтті-сәтсіз өтетініне әсер етеді.

4. Ояна сала бөлмеден шығып кетіңіз

Далаға немесе басқа бөлмеге кетіп қалыңыз. Қалыпты ортаны ауыстыру адамға қуат береді, себебі біздің миымыз жаңа нәрсенің бәріне құмар.

5. Медитация жасап, бір күндік мақсатыңызды белгілеңіз

Таңертең – алдағы күнді жоспарлауға ең сәтті уақыт. Бұл кезде біздің миымыз шығармашылыққа ұмтылып тұрады. Мұндайда медитация жасап, бүкіл ойыңызды жинақтаңыз. Күніңізді қалай өткізетініңізді елестетіңіз.

6. Спортпен шұғылданып, пайдалы дүние тыңдаңыз

Спортзалда жаттығыңыз немесе жай ғана жаяу жүріңіз. Сол арада аудиокітап, подкаст немесе шабыт беретін музыка тыңдаңыз. Сонда қимыл-қозғалыс адамды сергітіп, ми жұмысқа құлшынып тұрады.

7. Адам миына пайдалы азық-түлік жеңіз

Таңертең Е витамині көп азық тұтыну керек. Ол адамның когнитив қабілетін арттырады.

Күш сыйлайтын 4 пайдалы таңғы ас

8. Ең маңызды, қиын істі бітіріп тастаңыз

Марк Твен айтқандай, егер таңертең құрбақаны тірідей жеп қойсаңыз, күні бойы одан қиын, одан нашар ештеңе болмайды. Өзге адамдар енді керіліп-созылып жатқанда күрделі деген істі бітіріп тастаңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады