- Негізгі бет
- Жаднама
- Балама қандай ат...
Балама қандай ат қоямын: егіздерге арналған есімдер
Шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге дұрыс ат қою – ата-ананың, әсіресе әкенің жауапты міндеті. Баланың тұлға болып қалыптасуына азан шақырып қойған есімі әсер ететіні айтылып жүр. Сол себепті, ат қоюға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Егер дүниеге егіз келсе, екі баланың есімін барынша үйлестіріп, үндестіріп, мағынасын ұқсастырып қойған дұрыс. Назарларыңызға егіздерге арналған есімдер топтамасын ұсынбақпыз.
Егіз ұлдарға арналған есімдер
Бақыт – Қыдыр
Қасым – Жомарт
Қанағат – Рақым
Кемеңгер – Мұрагер
Адай – Қосай
Өркен – Нұркен
Хантәңір – Хантемір
Айдын – Айқын
Әлихан – Абылайхан
Айсұлтан – Нұрсұлтан
Әмір – Темір
Саламат – Сағадат
Нұрғиса – Әлқиса
Құрмет – Құдірет
Халел – Жаһанша
Егіз қыздарға арналған есімдер
Амина – Медина
Сабиля – Сабира
Жұлдыз – Құндыз
Әлия – Мәншүк
Самал – Камал
Мөлдір – Тұнық
Мөлдір – Махаббат
Қанағат – Шапағат
Арайлым – Аяулым
Айкөркем – Айжұлдыз
Фариза – Марфуға
Інжу – Маржан
Айман – Шолпан
Балым – Бағым
Раяна – Аяна
Егіз ұл мен қызға арналған есімдер
Сұңқар – Іңкәр
Нұрым – Айым
Парасат – Перизат
Ханзада – Гүлзада
Бақыт – Шаттық
Аян – Аяна
Нұржан – Балжан
Әсет – Әсем
Ержан – Гүлжан
Құрмет – Қасиет