Инстаграмда танымал 3 робот-модель

Инстаграмда танымал 3 робот-модель
Фото: thecut.com

Инстаграмды қалай жүргіземін? Қалай блогер боламын? Оқырмандар санын қалай арттырса болады? Сізді бұл сұрақтар мазалап жүргенде, адамдардың мықты бәсекелестері пайда болды. Қазір әлеуметтік желіде шынайы адамдардан еш айырмасы жоқ, блог жүргізетін атақты виртуал қыздар бар.

Бұл идеяның қолайлығын атақты сән үйлерінің маркетологтары бағалап үлгерді. Кей сән подиумдарынан шын әйелдердің орнына галограммалар қолданылып жүр. Сондай-ақ виртуал модельдердің аккаунттары ашылып, онда жаңа топтаманың киімдері шыға бастады. Сұлулығы жасына, тамақтануына және басқа да шарттарға байланысты өзгеретін тірі топ-модельдерді көп ұзамай киберсұлулар ауыстыруы әбден мүмкін. Назарыңызға таңда инстаграмда танымал 3 виртуал модельді ұсынамыз.

Лил Микела

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miquela (@lilmiquela)7 Авг 2019 в 12:42 PDT

Лил Микела – 3D-модель. Қазіргі таңда Лилдің 1,6 млн. оқырманы бар. Ол дизайнерлер мен бет әрлеушілердің музасына айналып та үлгерді. Онымен атақты Prada компаниясы белсенді жұмыс істейді. Forbes мәліметі бойынша, Лил блогының жарнамасы 30 мың доллардан басталады.

Бастапқыда көпшілік Лил Микеланы суретін ерекше өңдейтін шынайы қыз деп ойлады. Бірақ Микела – лос-анджелестік Brud  компаниясының жобасы екені белгілі болды. Бұл компания робототехника, жасанды интеллект және компьютерлік технологиялармен айналысады.

Сән үйлері Лил Микеламен жұмыс істегісі келеді. Мысалы, аустралиялық UGG маркасы Микеламен келісімшартқа отырды. Оның соңғы жетістіктерінің бірі – Calvin Klein компаниясының жарнамасына түсуі.

Шуду Грэм

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shudu (@shudu.gram)17 Июл 2019 в 9:10 PDT

Лил Микеланы ойлап табушылар оның көлеңкесінде қалуды жөн көрсе, Шуду Грэмді жасаушы өзіне белсенді түрде пиар жасап жүр. Оны британиялық фотограф Кэмерон Уилсон ойлап тапты. Оның виртуал моделінде 187 мың оқырман бар және Кэмеронға жақсы табыс әкелетін келісімшарттары бар. Мысалы, Шудумен атақты әнші Рианна бірігіп жұмыс істейді. 3D-модель Рианнаның Fenty Beauty брендінің жарнамасына шықты.

Имма

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от imma (@imma.gram)17 Авг 2019 в 6:44 PDT

Имма – жапониялық виртуал модель. Оның есімі "қазір" деп аударылады. Имманы CG компьютерлік графикасына мамандандырылған Modeling Cafe жапон студиясы ойлап тапты. Бұл алгоритм Лил Микелаға да қолданылған. Бірақ мамандардың айтуынша, Имма АҚШ-тан шыққан әріптесіне қарағанда жетілдірілген. Имманың сырт келбеті толықтай ойластырылған: тіпті, көздің нұрлы қабығы да боялған. Имманың 122 мың оқырманы бар, ол да атақты журналдардың бетіне шығып, әлемдік киім брендтерімен бірігіп жұмыс істейді.

А. Жапатова