Жеке тұлғалар салық берешегінің жоқтығын қалай тексере алады?

Жеке тұлғалар салық берешегінің жоқтығын қалай тексере алады?
Фото: freepik.com

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында (kgd.gov.kz) "Салық берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" қызметі жұмыс жасайтынын ескертеді.

Салық берешегіңіздің жағдайын білу үшін мына сілтемеге өтіңіз. Онда ЖСН/БСН нөмірін енгізу керек. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы салық рақымшылығына байланысты, жеке тұлғалар негізгі қарызын төлесе, өсімпұлы есептен шығарылатынын мәлімдейді.

Тұлғалар қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жердегі Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуына болады.

Massaget.kz