Instagram Stories-ке арналған өз фильтріңді қалай жасауға болады?

Instagram Stories-ке арналған өз фильтріңді қалай жасауға болады?
Фото: gupivpica.pw

Instagram Stories-ке арналған қолданушылар фильтрін жиі байқауға болады. Оны іліп әкетіп стори түсіретіндер қаншама? Өз фильтріңді қалай жасауға болады? Бұл сауалға графикалық дизайнер Данияр Жаканов жауап берді.

Instagram Stories аудиториясы 500 миллион адамнан асады. Бұл функцияны Цукерберг компаниясы Snapchat-тан көшіріп алып, қазір жан-жақты дамытып жатыр. Түрлі функциялар, безендіргіш смайл-жапсырмалар… Мезгіл сайын жаңарған нұсқада қызықтырмай қоймайтын жаңа дүние пайда болып жатады. Жыл басында Instagram Stories-те қолданылатын фильтрлерді қолданушылар өздері жасай алатындай етіп қойды. Бұған дейін Instagram-ның өзі дайындаған жинағы ғана болатын. Енді юзерлер өздері қалаған фильтр жасай алады.

Ол үшін Facebook қызметкерлері Spark AR атты арнайы қосымшаны іске қосты. Бұл бағдарлама фронтал камерамен адамның бетін назарға алады. Сол арқылы өз суретіңді немесе графикалық элементтерді енгізуге болады.

Spark AR негізі MacOS операциялық жүйесіне арналып шығарылған. Бірақ қазіргі танда Windows жүйсінде де бағдарламаның бета-нұсқасы бар.

Фильтр жаcау үшін дизайнерлік машықтар керек пе?

Қолданушының графикалық бағдарламаларды қолданған тәжірибесі мен базалық білімі болса жеткілікті. Spark AR-дың қиындығы жоқ. Ресми сайттарында үйренушілерге арналған арнайы бөлімі бар, егер ағылшын тілін білсеңіз, бағдарламаның барлық мүмкіндігін пайдалануға болады.

Картинки по запросу Re: Zero gif©instagram.com/daniyar.zhk/

Қазір Instagram-да менің 3 фильтрім бар. Олар: Super 8mm, Tengri және iLoveKZ. Фильтрлерді жасау үшін әртүрлі уақыт кетеді, барлығы олардың қиындық деңгейіне байланысты. Мысалы Қазақстанның туын (iLoveKZ) жасауға 3-4 сағат, ал Тәңір белгілері фильтріне (Tengri) 2 күн кетті.

Картинки по запросу Re: Zero gif©instagram.com/daniyar.zhk/

Фильтрді дайындап болған соң, оны Facebook қабылдап, мақұлдауы тиіс. Бірінші фильтрді 3-4 күн шамасында тексерді. Ал екіншісі 5-6 сағат ішінде қабылданды. Олардың арнайы ережелері бар. Егер оған сай келмесе, фильтр қабылданбайды.

Фильрді жүктемес бұрын, сіз Facebook-ке сұраныс жібересіз. Қазір фильтрлер бета-тест кезеңінде болған соң, Instagram желісіне фильтрді рұқсат берілген қолданушылар ғана сала алады. Сондықтан бірінші сұраныс жіберу керек. Менің сұранысымды олар 3-4 ай қарастырды. Ал бірнеше күн бұрын Instagram қызметкерлері, келесі жылдың көктемінде әр қолданушы өз фильтрлерін сала алады деген мәлімдеме жасады.

Өзге біреудің авторлық фильтрлерін қалай сақтап қоюға болады?

Егер ұнаған фильтрдің авторына жазылса, фильтр келесіде қолдануға болатындай аккаунтта сақталып тұрады. Ұнаған фильтр үшін біршама аккаунтқа жазылатындар көп. 

Қазір шетелдік компаниялар AR жүйесін коммерциялық мақсатта қолданып жатыр. Себебі Instagram-да лентаны ақтармас бұрын, stories-терді қараймыз. Stories аудиториясы лентадан гөрі көбірек деуге болады. Әртістер мен әншілер де өз фильтрлерін ойлап тауып жатыр. Оның ішінде мини-ойын ойынауға болатын фильтрлерді кездестіруге болады.

Massaget.kz