Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қолма-қол ақшадан бас тартуға 7 себеп

Қолма-қол ақшадан бас тартуға 7 себеп

Қолма-қол ақшадан бас тартуға 7 себеп

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 шілдесінде банктердің айналымдағы карталарының саны 26,4 млн-ға жеткен. Ал маусым айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдаланып жасалған транзакциялардың көлемі 2 502,3 млрд. теңге болған. Былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, биылғы транзакциялар 51,7%-ке артқан. Бұл Қазақстанда қолма-қол төлемдердің үлесі азайып келе жатқанын білдіреді. Назарыңызға қолма-қол ақшадан бас тартып, банк картасына көшудің 7 себебін ұсынамыз.

1. Картамен шығындарды қадағалап отыру оңайырақ

Қаржыны дұрыс басқару үшін шығындар есебін уақытылы жүргізіп отыру маңызды. Қолма-қол төлем жасағанда шығынды бірден смартфон блокнотына жазуға немесе чектерді жинап, кейін есептеп шығуға тура келеді. 

Ал картамен төлем жасайтындар барлық шығынын мобильді қосымшада жинақталған тізімнен әп-сәтте көре алады.

2. Сатушыға желінбейсіз

Картаны терминалға апарғанда, одан тек касса аппараты көрсеткен сома алынады. Мұндайда қолма-қол төлем жасағандағы адами фактор болмайды. 

3. Картадағы ақшаны құтқару оңайырақ

Егер ұры қалтадан әмиянды қағып кетсе, ақшамен қоштаса беруге болады. Бірақ жоғалған банк картасын банкке қоңырау шалып немесе мобильді қосымша арқылы бұғаттап тастауға болады. Осылайша шоттағы ақшаны құтқара аламыз.

4. Карта тазарақ

Dirty Money зерттеуіне сүйенсек, монеталардың 13%-де, қағаз ақшалардың 42%-де потенциалды патогендер (жұқпалы аурулардың қоздырғышы – патоген микробтар) бар. 

Ақшаға бактериялардың таралуы оның материалы мен елдегі тұрмыс деңгейіне байланысты. Бірақ мінсіз таза ақша еш жерде болмайды. 

Картаны сізден басқа ешкім ұстамайды және оған керек кезде дезинфекция жасап тұруға болады. 

5. Карта уақыт үнемдейді 

Депозитке ақша салу үшін немесе коммуналдық төлем жасау үшін банкоматтан ақша шешіп, одан кейін кезекте тұрып уақыт құртудың қажеті жоқ. Қазір барлық дерлік төлемді картамен, мобильді қосымшамен және керек мекеменің сайты арқылы жасауға болады. 

Сондай-ақ, дүкен мен супермаркет кассасында көпшілігі картамен төлесе, кезек тез жылжитынын да ойлап көріңіз. 

6. Карта жалған банкноталардан сақтайды

Жалған банкнотадан сақтанудың жолдары – әр ақшаны тексеріп отыру және карта арқылы төлем жасау. Екіншісінің қаншалықты тиімді екенін жоққа шығара алмаймыз.

7. Картаға кешбэк пен бонустар түсіп отырады

Картамен төлеген жағдайда, банк немесе төлем жүйесі бонус береді. Қазақстандағы танымал банктердің мысалын келтірсек, депозитте жиналған қаржыңыздың көлеміне қарай төлемге берілетін бонус көп болмақ. Одан бөлек, кепілсіз 1%-тік бонустарды көп банктен кездестіруге болады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 02 тамыз, 15:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.