Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / ҚР азаматтары шетелге шыққанда қандай ережелерді білу керек? #2

ҚР азаматтары шетелге шыққанда қандай ережелерді білу керек? #2

ҚР азаматтары шетелге шыққанда қандай ережелерді білу керек? #2

Басы

Қазақстан азаматтары шетелге шыққанда немесе шығарда қандай ережелерді білу керек? Шетелде саяхаттау кезінде келеңсіз жағдайға тап болмас үшін Қазақстан азаматы қандай қағидаларды білуге міндетті? Назарыңызға шетелге шығуды жоспарлап жүрген, шетелде жүрген қазақстандықтар үшін түрлі кеңестер ұсынылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің нұсқаулығын ұсынамыз.

II. ВИЗА АЛУ

Егер басқа мемлекеттің аумағына кіруге виза керек болса, оны алу үшін сол мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне өзіңіз немесе жақсы білетін турагенттік арқылы алдын ала (1-2 ай бұрын) өтініш жасаңыз. Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттың түрі мен сапардың мерзіміне қарай визаны талап етпейтін елдердің тізімі сайтта көрсетілген.

Кейбір мемлекеттердің елшіліктерінде визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз. Сонымен қатар, әр елшілік визаны беру тәртібін, мысалы, консулмен сұхбатты, визаның құны мен қажет құжаттардың тізімін өз қалауына қарай бекітеді.

Шет мемлекеттер елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.

Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шет мемлекеттердің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан туындаған шығындарыңыз үшін жауап бермейді.

Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.

Егер баратын елге басқа мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін болсаңыз, онда транзиттік визаны ресімдеу жөнінде және оның аяқталу мерзімі мен шекарадан кедергісіз өту үшін қанша мәрте болу керектігі туралы алдын ала сұрап алыңыз.

Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шет мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін.

Төменде Қазақстан азаматтары жиі баратын елдердің визалық тәртіптеріндегі ерекшеліктер көрсетілген.

ТМД елдері

Қазақстан ТМД елдерінің көпшілігімен азаматтардың визасыз сапарлары туралы келісімдерге қол қойған. Мысалы, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне кіру үшін ҚР азаматының паспорты жеткілікті.

Қазақстан Республикасының азаматтары қазақ-ресей шекарасынан өткен кезде Ресейдің көші-қон картасын толтыру керек. Ресейдің шекаралық қызметі көші-қон картасы мен паспорттың кез-келген бос бетіне мөртабан басады.

Қазақстан азаматтары Украина мен Молдоваға 3 айдан астам уақытқа баратын болса, виза алуы керек. Түрікменстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына виза алу қажет. Қызметтік және дипломаттық паспорттары бар тұлғаларға бұл тәртіп қолданылмайды.

Шенген аймағына кіретін елдер

«Еуропа Одағының кейбір елдерінің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды: Аустрия, Бельгия, Мажарстан, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Лихтенштейн, Нидерланд, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония.

Қысқа мерзімді шенген визаларының тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей.

Бір мәртелік визамен Шенген аймағына визаны берген консулдық мекеменің елі арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі. Мысалы, сіз визаны Францияның консулдығынан алсаңыз, онда кез-келген Шенген еліне тек Франция арқылы бара аласыз.

Шенген аймағына Болгария, Ирландия, Кипр, Румыния және Ұлыбритания кірмейді.

Таяу, Орта Шығыс, Азия және Африка елдері

Иран Ислам Республикасы

Қазақстан азаматтары Иранға сапар шегуі үшін виза алуы қажет. Визаны Иранның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінен немесе ИИР халықаралық әуежайларынан алуға болады. Иранда тіркеуге тұру талабы қойылмайды. Виза мерзімі өтіп кетсе, күніне 10 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады және елге қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Қатар Мемлекеті

Қазақстан азаматтары Қатарға сапар шегуі үшін виза алуы қажет. Виза ресімдеу кемінде бес жұмыс күні аралығында қарастырылады. Қатар Ішкі істер министрлігінің жазбаша келісімі бар болған жағдайда визаны (жұмыс, студенттік немесе жеке) Доха қаласының халықаралық әуежайында алуға болады. Бұл жағдайда қабылдаушы тарап (кепілгер немесе демеуші) Қатар Ішкі істер министрлігін шетел азаматының ұшып келетіні жөнінде хабардар етіп, алдын-ала келуші азаматтың толық деректерін ақпарат ретінде жолдауы тиіс.

Туристтік виза 14 күнге жарамды мерзімге беріліп, одан әрі жергілікті көші-қон Департаментінде тағы 14 күнге созылу мүмкіндігі бар.

Транзиттік ұшуларға сәйкесінше категориядағы виза қажет.

Оман Сұлтандығы

Қазақстандық азаматтар үшін Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде алдын-ала виза рәсімдеу қажет. Омандық виза беру мәселесі Оман Сұлтандығының Ішкі істер министрлігші құзыретінде. Визалық ережелер туралы толық ақпаратты Оман полициясының – Royal Oman Police – ресми сайтынан www.rop.gov.om табуға болады.

Бұдан басқа, омандық визаны әуежайда келу бойынша алуға болады. Бұл үшін қабылдаушы омандық тарап Оман полициясында визалық қолдауды алдын-ала ресімдеу қажет.

Ливан Республикасы

1 ай мерзімге туристік және жеке визаларды шекара бекеттерінде алуға болады.

Бейрут қ. Рафик Харири атындағы халықаралық әуежайында виза ақысыз беріледі. Қалған (теңіз және құрылықтағы) шекара бекеттерінде кіру визасының құны 20 АҚШ долларын құрайды.

Жұмыс, іскерлік және оқу визаларын алу үшін Ливанның Астана қ. Елшілігіне өтініш беру қажет.

Шекарадан өткенде көші-қон карточкасын толтырып, паспорттық бақылауға өткізу талап етіледі.

Ливанға келісім-шарт бойынша келген мамандарда ЛР Еңбек министрлігі берген рұқсатының болуы шарт.

Ескерту:

Паспортта Израильде болғандығы туралы белгісі бар тұлғаларға Ливанға кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Малайзия

Егер Қазақстан Республикасының азаматтары Малайзияға 30 күнге ғана бара жатса, оларға виза алудың керегі жоқ (паспорт мерзімінің жарамдылығы сапардан қайта оралған сәтке дейін 6 айдан кем болмауы керек).

Малайзияның көші-қон заңнамасына сәйкес, осы елге келуіне рұқсат етілмеген немесе Малайзия аумағында заңсыз болушы адам қамауға алынуы мүмкін және шешім шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін депортациялық лагерьге орналастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, территорияға заңсыз түрде келген азаматтарға 60 тәуліктен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы санкциясы немесе 2000-нан 13000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Сингапур Республикасы

ҚР азаматтарының Сингапур Республикасы территориясына кіру үшін қағаз бетіне басып шығарылған электронды виза қажет. Ел аумағында 30 күн аралығында болатын дипломаттық және қызметтік паспорттары бар тұлғаларға визаның қажеті жоқ.

Сингапур аумағын транзиттік мақсатта кесіп өтуге 4 күнге (96 сағат) визаның қажеті жоқ. Ол үшін транзиттік мақсатты растайтын әуе билетінің болуы тиіс.

Ескерту:

Сингапур елінің визасы бола тұра немесе визасыз транзиттік сапардың барлық талаптарын орындау Сингапур мемлекетінің территориясына кірудің кепілі емес. Мемлекет территориясына кіру туралы соңғы шешімді көші-қон мекемесінің қызметкерімен кеден пунктінде қабылданады.

Қытай Халық Республикасы

Қытайға 1 айға баратын дипломаттық және қызметтік паспорттары бар Қазақстан азаматтарына виза алудың қажеті жоқ.

Ұлттық паспорт болса, Қазақстан азаматтары виза үшін ҚХР Елшілігіне қажетті құжаттармен өздері баруы тиіс (қосымша ақпаратты ҚХР Елшілігінің сайтынан алуға болады).

Ескерту:

Қазір Қазақстандағы шет елдердің елшіліктері виза мен сұхбатқа жазылу үшін өтініштерді тек Интернет арқылы алып, құжаттардың түпнұсқасын артынан өткізу тәжірибесіне көшіп жатыр. Мысалы, АҚШ, Қытай, Нидерланд, Ұлыбритания, Швейцария елшіліктері визаны ресімдеудің осындай түріне көшкен.

Жалғасы

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: nate-russia.ru
Қосылған күні: 15 маусым, 11:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.