Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Тауда адасып кеткенде не істеу керек?

Тауда адасып кеткенде не істеу керек?

Тауда адасып кеткенде не істеу керек?

Тауға енді шыққан турист тұрмақ ең тәжірибелі деген тауқұмар саяхатшының өзі тау ішінде адасып кетуі мүмкін. Жолды алдын-ала жоспарлап, жақсы білемін дегеннің өзінде түрлі себеппен адасып кету оңай. Назарыңызға Алматы қаласы құтқару қызметінің кеңесін ұсынамыз.

1. Сапарға жалғыз шықпаңыз

Төтенше жағдайда жалғыз қалған өте қауіпті, сондықтан тауға кемінде екеулеп шыққан жөн. Одан бөлек сапар алдында туыстар мен таныстарға ескертіп кету керек.

2. Әрдайым бағытыңызды жоспарлаңыз

Картадан жүріп өтетін жолыңызды сызып, алдын-ала дайындалыңыз. Сызбаның көшірмесін туыс-танысқа беріп кетіңіз. Бұл сіз жоғалған жағдайда іздеу жұмыстарына жақсы көмектеседі.

3. Керек-жарақтың бәрін алып шығыңыз

Тауға шығар алдында керек заттың барлығын алғаныңызға көз жеткізіңіз. Қалташам, қағаз карта, шағын каремат немесе төсек қап, жаздыгүні шықсаңыз да жылы киім, пышақ, сіріңке сияқты төтенше жағдайда керек болатын заттың барлығы сөмкеде болғаны дұрыс.

Сонымен сіз жолыңызды жоспарлап, сөмкеңізге керек-жарақтың бәрін салып, жолыңыздың көшірмесін жақындарыңызға қалдырып, достарыңызбен тауға шықтыңыз. Бірақ күтпеген жерден адасып кеттіңіздер немесе достарыңызды таппай қалдыңыз делік. Не істеу керек?

№1 Ереже. Қорқынышқа бой алдырмаңыз

Адамдар әдетте кешқұрымда адасады. Түн жақындаған сайын үрей көбейе береді. Мұндайда дүрлігіп қорқа беруге болмайды. Адасып кеткеніңізді ертерек сезінсеңіз, нақты іске көше бастайсыз. Азық, суды үнемдеп, салқынқанды боласыз. Тау ішінде мобильді байланыс болмайды. Десе де ауық-ауық әлсіз болса да байланыс пайда болуы мүмкін. Ең бірінші 109 нөміріне хабарласып, өзіңіз білетін барлық ақпаратты айтыңыз.

№2 Ереже. Ашық жерге шығыңыз

Сіздің жоғалып кеткеніңізді білетін адамыңыз болса, құтқару қызметіне хабарласып, іздеу жұмыстары басталатынына сеніңіз. Сондықтан ашық жерге шығып, күтіңіз. Бұл ағаш арасында, жоталардың қуысында жүргеннен жақсы. Құтқарушылардың тауып алу ықтималдығы артады.

№3 Ереже. Ұйықтамаңыз

Адасып болдырған адамның ұйықтап кетуі қиын емес. Қалың ұйқыға берілген адам құтқарушылардың дауысын естімей қалуы әбден мүмкін. Сондықтан түнгі уақытта от жағып, барынша сергек болу керек.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: Yernar Almabek // massaget.kz
Қосылған күні: 25 сәуір, 13:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.