Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ұялы телефонға қалай алаңдамауға болады?

Ұялы телефонға қалай алаңдамауға болады?

Ұялы телефонға қалай алаңдамауға болады?

Алаңғасарлық – XXI ғасыр адамдарының басты қиындықтарының бірі. Ойланбастан сілтемеге өту, барынша қысқа жаңалықтар, инстаграмдағы 15 секундтық "сторилер" – мұның барлығы санамыздың қабілетін ақырындатады.

Адам суреттердің тоқтаусыз ауысуына үйреніп кетеді: бір орында бірнеше сағат кітап оқитын немесе бір ретте жобаны дайындап тастайтын адамдар азаюда. Ұялы телефон қолымызға өзі "секіргендей" болады. Онымен қалай күресу керек?

1. Сіз алаңдаған нәрсенің маңыздылығы туралы ойланыңыз

Әдетте, адам жайсыз (немесе қызықсыз) нәрседен құтылу үшін зейінін ауыстырғысы келеді. Анализ жасаңыз: оқып жатқан кітабыңыз қызық па? Біреумен сөйлесу кезінде ұялы телефонға қарай бергіңіз келсе, ол адам сіз үшін шынымен маңызды ма? Мүмкін, жұмысыңызды ауыстыру керек па?

2. Үзіліссіз жұмыс істей алатын уақытыңызды өлшеңіз

Содан соң оны таймердің көмегімен көбейтіңіз. Ілгерілеуіңізді бақылайтын арнайы қосымшалар да бар. Олар сіз тиісті емес уақытта ұялы телефон ұстағанда оны тастауыңызды сұрайды.

3. "Кедергі жасамау" режимін қосыңыз

"Кедергі жасамау" режимін қосыңыз немесе гаджетті үстелге экранын төмен қаратып қойыңыз. Үздіксіз келе беретін хабарламалар – алаңдатушы факторлардың бірі. Түбегейлі қадам ретінде авиарежимді қосуға болады: ол кезде қоңыраулар мен хаттар да алаңдатпайды.

4. Алаңдатушы сайттарды бұғаттаңыз

"Ата-ана бақылауы" функциясы тек балалары бар адамдарға ғана емес, сонымен қатар үнемі алаңдай беретін ересектерге де керек. Әлеуметтік желілерді, жаңалықтар порталын, онлайн ойындарды және т.б бұғаттайтын кеңейтулерді қолданыңыз.

5. Басқа нәрсеге алаңдауға арнайы уақыт бөліңіз

Толықтай әлеуметтік желіден немесе ойындардан бас тартудың қажеті жоқ. Бастысы, кестеңізден оларға уақыт бөліп, сол режимді сақтаңыз. Мысалы, күнде таңертең жаңалық оқыңыз, ал түсте инстаграмға кіріңіз. Ал демалыс күндері бір сағатыңызды онлайн ойынға арнаңыз.

Бұл тек өнімділігіңізді арттырады: миыңыз тезірек демалыс алу үшін берілген жұмысты орындап тастауға тырысады. Барлық бос уақытыңызды әлеуметтік желіге құртпаудың тағы бір себебі – әлеуметтік желілер адамның өзін-өзі бағалауына негативті әсер етеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 26 наурыз 2019, 14:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.