Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Түшкіру этикеті

Түшкіру этикеті

Түшкіру этикеті

Түшкіру – адам ағзасындағы еріксіз реакция. Сол арқылы тыныс алу, мұрын-құлақ жүйесі тітіркендіргіштерді сыртқа мұрын арқылы шығарады. Бұл табиғи процесті тұншықтырмай, сыртқа шығарып тастаған маңызды, ал оның этикет ережелеріне сай тәсілін қолдану одан да маңызды. Назарыңызға Healthline платформасының авторы Эмили Кронклетонның түшкіру этикетіне қатысты жазбасынан үзінділер ұсынамыз.

Адам әдетте мұрнын қос алақанымен жауып түшкіреді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Түрлі тітіркендіргіш пен микроб қолға жұқса, жан-жаққа тарап кетеді. Мұндай жағдайда дереу қолды жуу керек.

Ең дұрысы – майлық не орамалға түшкіру. Тек осылайша өзге адамдарға құрмет көрсетуге болады. Майлық немесе орамал болмаған жағдайда ең оптимал нұсқа бар – шынтаққа түшкіру. Алақан немесе орамалға қарағанда микробқа шынтақтың ішкі иілген тұсы көбірек тосқауыл болады.

Біреу түшкіргенде "Сау бол!" деп айтылып жатады. Оны тек жақын, танитын адамға ғана айтқан жөн. Ал іскерлік ресми кездесуде және қоғамдық орындарда танымайтын адамдар түшкірсе, мән бермей, ештеңе болмағандай назар аудармау керек. Себебі біреуге "Сау болыңыз!" деп жақтырмаған көңіліңізді білдіріп қоюыңыз мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 11 наурыз, 14:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.