Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Сынап термометрі сынған жағдайда не істеу керек?

Сынап термометрі сынған жағдайда не істеу керек?

Сынап термометрі сынған жағдайда не істеу керек?

Сынап – бірінші деңгейдегі қауіпті зат, әсіресе оның буы аса қауіпті. Стандартты термометрде 5 грамм сынап болады. Сол 5 граммның өзі адамды әбден әлсіретіп, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Сынаптан уланудың белгілері қандай? 

– денені әлсіздік басып алады;
– тәбет болмайды;
– жұтынғанда тамақ ауырады;
– бас ауыра бастайды;
– ауыздан металлдың дәмі кетпей қояды;
– сілекей шұбыра береді;
– жүрек айнып, құсық келеді.

Бұл белгілер сынаптан уланған адамда бірден пайда болмауы мүмкін. Бір апта, тіпті бір айдан кейін аталған белгілерді байқай бастасаңыз, дереу дәрігерге қаралған жөн. 

Сынапты қалай дұрыс жинау керек?

Егер сынапты өз бетіңізше жинауға шамаңыз келмесе, бірден 109 нөміріне, құтқару қызметіне хабарласыңыз. Бірақ сынап түйіршік күйнде болса, өзіңіз-ақ баппен жинап алуыңызға болады. Ол үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мына нұсқаулықты сақтаңыз.

1) Бөлмеден адамдарды, бірінші кезекте балаларды, аяғы ауыр әйелдерді шығарыңыз да, есікті жауып, бөлмені желдетіп алыңыз;
2) Сынапты жинар алдында резеңке қолғап, аяққа бахила немесе жай целлофан түйіншек киіп алыңыз;
3) Қауіпті буды жұтып қоймас үшін, дәкені 1 қасық ас содасы қосылған стақан суға араластырып ауыз-мұрыныңызға тағып алыңыз;
4) Сынап түйіршіктерін шприц, скотч, лейкопластырь көмегімен немесе суға батырылған қағазбен жинауға болады;
5) Жиналған түйіршіктерді әйнек құтыға салып, қақпағын жауып қою керек.

Қалдықты мына мекен-жайларға өткізуге болады.

Сынап түйіршіктері

Сынап термометрі сынғанда не істеуге болмайды?

1) Сынапты ашық қолмен ұстамаңыз;
2) Сынап түйіршіктерін щеткамен, сыпырғышпен сыпырмаңыз, шаңсорғышпен жинамаңыз. Щетка, сыпырғыш түйіршіктерді бүлдіріп, сынап буланып кетеді. Ал бұл өте қауіпті;
3) Сынапты қоқысқа, кәріз жүйесіне, пешке тастамаңыз;
4) Сынап тиген киімдерді кір машинада жумаңыз. Сынап техниканы бұзып, кәріз жүйесіне түсіп кетуі мүмкін.

Сынап термометрі ауырғанда көмекке келіп, сынғанда жауыңызға айналуы мүмкін. Сондықтан термометрді асқан сақтықпен қолданыңыз, ал сындырып алған жағдайда не істеу керегін енді білесіз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: swalco.org
Қосылған күні: 27 ақпан, 15:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.