Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Таңертең жеңіл тұруға көмектесетін 7 кеңес

Таңертең жеңіл тұруға көмектесетін 7 кеңес

Таңертең жеңіл тұруға көмектесетін 7 кеңес

Дала қараңғы және суық болып тұрса да, кей адамдар ұйқылары қанып, көңілді жүреді. Ол мүмкін емес секілді көрінгенімен, бірнеше лайфхакты білу арқылы сіз де таңертең ұйқыдан оңай тұра аласыз.

1. Денсаулыққа қатысты проблемаларды шешіңіз

Қажетті 7-8 сағат ұйықтасаңыз да, ұйқыңыз қанбайды ма? Онда ол ауру белгісі болуы мүмкін. Себепсіз ұйқышылдық пен шаршаңқылық – дәрігерге қаралуға итермелейтін белгілердің бірі.

2. Оятқыш уақытын ауыстырмаңыз

Оятқыштың дыбысын естіген бойда бірден тұруды әдетке айналдырыңыз. Тағы 5 минут жата тұруды қойыңыз. Тағы кішкене жата тұрғыңыз келген сайын ұйқы режиміңізді бұзасыз. Ал шаршаңқылық болса ешқайда кетпейді. Егер оятқышты саған 06:50-ге қойып, бірақ ойыңызда 7:00-де тұру бар болса, одан да оятқыш уақытын бірден 7:00 ге қойыңыз. Себебі үзіліссіз ұйқы дұрыс болып саналады.

3. Оятқышты алысқа қойыңыз

Оятқышты алысқа қойсаңыз, оны сөндіру үшін орныңыздан тұрып, жүру керек болады. Бұл оятқышты сөндіріп, қайтадан ұйықтап қалудан арылтады.

4. Үстелдің үстіне 1 стақан су қалдырыңыз

Суды оятқышты сөндірген бойда ішіп алыңыз. Сол кезде ұйқыңыз оңай ашылады.

5. Жапқышты ашыңыз

Қараңғыда ағза ұйқы гормонын бөле беретіндіктен, ояну қиынға түседі. Сондықтан, жапқышты ашыңыз, бөлме әлі де қараңғы болса, жарықты қосыңыз.

6. Айналаңызды жайлы етіңіз

Көпшілік жылы көрпенің астынан шыққысы келмегендіктен, бірден тұрып кете алмайды. Сондықтан, төсектің қасына жылы жемпір мен жылы тәпішке дайындап қойыңыз.

7. Барлық маңызды кездесулерді таңертеңге қойыңыз

Маңызды кездесуді немесе басқа да маңызды шаруаларды таңертеңге қойыңыз. Бұл сізге уақытында тұруға жақсы мотивация болады. Себебі ұйықтап қалсаңыз, бұл әрекетіңізбен басқа адамдардың уақытын аласыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 06 ақпан 2019, 16:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.