Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Үнемі зат жоғалтып жүретіндерге арналған кеңестер

Үнемі зат жоғалтып жүретіндерге арналған кеңестер

Үнемі зат жоғалтып жүретіндерге арналған кеңестер

"Менің екінші қолғабым қайда?", "Кілтті қайда қойдым?", "Мен ұялы телефонымды ұмытып кеткен сияқтымын", "Құлаққапты көрмедің бе?"... Бұл сұрақтарды соңғы рет қашан қойдыңыз? Мүмкін, бүгін? Үйден асығып шығып бара жатқан кезде қандай да бір затты таба алмау ашуыңызға тисе, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз.

***

Емдеудің ең жақсы әдісі – алдын алу. Ең тиімді ұсыныс: заттарды әрқашан бір жерге қою. Мысалы, кілтті есік алдындағы шкафқа қою, құлаққапты сөмкенің сыртқы қалтасына салу және т.б. Заттардың күніне орнын 3-4 рет ауыстыруы ұмытшақтыққа әкеледі. Сондықтан, оларды қандай да бір орынға қоюды әдетке айналдыру керек. Бұл әрдайым бәрін жинап жүру керек деген сөз емес. Бұл әдісті үнемі жоғалта беретін нәрселерге қолданыңыз. Тіпті, "жоғала беретін заттар үшін" деген қорап ұстасаңыз да болады.

***

Ғалымдар мынадай кеңес береді: күнделікті ұсақ-түйекті жоғалта бермес үшін процестің орындалуына мән беру керек. Мысалы, "Кілт үстелдің үстінде" деп дыбыстап айту.

***

Егер алдын-ала "Бірдеңені ұмытып кетпейін" деп уайымдасаңыз, тапсырманы көрнекілеп алыңыз. Мысалы, дүкенге бара жатқанда ойыңызда азық-түліктердің тізімін құрыңыз: қалай қияр, алма және нан алып жатқаныңызды елестетіңіз. Сол кезде ол қажет уақытта есіңізге түседі.

***

Ғалымдар аралық ми бөлігі ең жақсы дамыған адамдарды анықтаған: лондондық және токиолық такси жүргізушілерінің есте сақтау қабілеті жақсы болып шыққан. Бұл қалалардың дизайны өте күрделі, GPS-сіз жүру үшін есте сақтау қабілеті өте күшті болу керек. Сондықтан аралық ми бөлігін уақытылы жаттықтыру керек. Мысалы, көліктегі навигаторды арасында сөндіріп тастап, ойыңызда бағдар жасаңыз.

***

Көбінесе адам бірдеңе жоғалтса, үйді басына көтеріп, барлығын шашып, іздеуге кіріседі. Оған көп уақыт кетеді. Тоқтаңыз! Жанталаса іздеуден бұрын сабырмен жақсылап ойланыңыз.

***

Бірнеше минутыңызды арнап, соңғы жасаған іс-әрекеттеріңізді, жүрген жолыңызды ойыңызда қайта жүгіртіңіз. Үлкен кісілер көп жағдайда осылай есіне түсіреді. Солай жасау арқылы жоғалған зат табылады немесе оны қайда қойғаныңыз есіңізге түседі.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 28 қараша 2018, 09:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.