Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Көлік терминалы ақшаны «жұтып қойса» не істеу керек?

Көлік терминалы ақшаны «жұтып қойса» не істеу керек?

Көлік терминалы ақшаны «жұтып қойса» не істеу керек?

Көлік картасын терминал арқылы толтырғанымен, ақша түспеген жағдайда жолаушы өтініш жазып, ақшасын 48 сағаттың ішінде қайтарып ала алады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» ЖШС төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұрәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде RTVM терминалдарда ақша салынғанымен, әртүрлі себептермен көлік картасына тқлемнің түспей қалған жағдайлары тіркелген. Егер терминалдағы белгілі бір қызметті дұрыс жүргізбеген жағдайда сәйкесінше, ақша түспей қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда әлгі адам кассаға жақындап, өтініш жазып, белгілі бір уақыттан кейін ақшаны қайтарып ала алады»,- деді ол әкімдікте өткен брифингте.

Дәурен Нұрәлиев бұл жағдайды жақсарту бағытында да қадамдар жасалғанын сөз етті.

«Бүгіннен бастап жүйеге өзгеріс енгіздік. Жолаушы терминалда көліктік картасын толтырғанымен, ақша түспесе түбіртегі арқылы оған 48 сағаттың ішінде ақшасы қайтарылып беріледі», - деді компания өкілі.

«Астана LRT» ЖШС қызметкері сондай-ақ, терминалдардың қағаз ақшаны қабылдамау жағдайына қатысты пікірін білдірді.

«Біздің қалада қазіргі таңда 30 RTVM терминал (көлік картасын толытратын) бар. Оның 13-і сыртта, яғни аялдамалардың қасында тұрса, 17-і түрлі ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Бұлар қыста да ыңғайлы, себебі бұл терминалдар 2016 жылдың қараша айынан бастап тұр», - дейді Дәурен Нұрәлиев.

Оның айтуынша, компания қазіргі таңда терминалдарды жаңарту жағын қарастырып жатқан жоқ.

«Себебі, терминалдардың бағасы өте қымбат болғандықтан, алдыңғы жұмада өткен дөңгелек үстелде айтылғанындай, көлік картасын жылдам толтырудың жаңа әдістерін (QR-код арқылы) таптық. Ол туралы айтылып та жатыр. Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде біз қала бойынша жүзге жуық агенттік, яғни пунктерді ашпақпыз. Терминалмен қазір қалай толтырсаңыз, ол пунктерде де келген мезетте толтыру мүмкіндігін береді», - деді Дәурен Нұрәлиев.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: lastnews82.com
Қосылған күні: 04 қараша 2018, 15:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.