- Негізгі бет
- Жаднама
- Темекіні тастағаннан кейін......
Темекіні тастағаннан кейін...
Темекінің денсаулыққа зиян екендігін барлығы біледі, бірақ оны тастаған кездегі жақсы нәтижеге көбісі сене бермейді. Ол – темекі тастаудың қиынға түсуінің бір себебі. Егер темекіні қазір тастасаңыз, сізге не болатынын оқыңыз.
- 20 минуттан соң артериялық қысымыңыз қалыпқа келеді.
- 8 сағаттан соң тұншықтырғыш газ деңгейі екі есеге азаяды, ал оттек деңгейі қалыпқа келеді.
- 48 сағаттан соң жүрек ұстамасы қаупі төмендейді. Ағзадан никотин толықтай шығады, иіс пен дәм қабылдауыңыз қалпына келеді.
- 72 сағаттан соң бронх кеңейеді, дем алу көлемі үлкейеді.
- 2 аптадан соң және одан кейінгі 10 апта бойы қан айналым жақсарады.
- 3-9 айдан соң таңғы жөтел жоғалады, өкпенің өмірлік сиымдылығы 10%-ға артылады.
- Бір жылдан соң жүрек ұстамасының болу қаупі екі есеге азаяды.
- 5 жылдан соң инсульт алу қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды.
- 10 жылдан соң өкпе рагының даму қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды.
- 15 жылдан соң жүрек ұстамасы қаупі темекі тартпайтын адамның қаупіне оралады.
А. Жапатова